
KAZ
20
20
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
1 ЖАЛПЫ ДЕРЕКТЕР
GALAXY LINE GL2523 көпатқарымдық аэроқақтама (ары қарай мәтін бой-
ынша – аэроқақтама, құрал, электр құралы, бұйым) – әртүрлі тағамдарды
дайындауға арналған заманауи мультиатқарымдық құралды білдіреді. Тағам
қыздырғыш элемент жұмысының және ауа айналымы жүйесінің есебінен
дайындалады, бұл ретте өнімдердің құнарлы заттары көп мөлшерде
сақталады. Картоп фри үшін айналушы кәрзеңке, бекіту үшін ашалармен
тауық-қақтама үшін шанышқы, іспаралармен айналушы қойғыш, сонымен
қатар өнімдерді көмештеу немесе кептіру үшін үш тор және жиынтықтағы
сұйықтықты жинау үшін табандық құралдың көпатқарымдығымен
қамтамасыз етеді. Дайындаудың уақыты мен температурасын орнату
мүмкіншілігі пайдалануда қолайлылықпен қамтамасыз етеді. Аэрогрилде
картоп фриін, етті, балықты, көкөністі, піскен нан өнімдерін, пиццаны,
көптеген басқа да тағамдарды дайындауға болады.
Өнім Кедендік одақтың келесі техникалық регламенттеріне
сәйкес болады:
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 16 тамызындағы
№768 Шешімімен бекітілген ТР ТС 004/2011 «Төмен воль-
тты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық
регламентіне;
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы №879
Шешімімен бекітілген ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың
электромагниттік үйлесімділігі» Кеден одағының техникалық регламентіне;
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2019 жылдың 18
қазанындағы №113 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық
одақтың ЕАЭО ТР 037/2016 «Электротехника және радиоэлектроника
бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» техникалық
регламенті.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бұйымның барлық қызметтік мерзімі
ішінде сақтаңыз. Сіз арқылы сатып алынған бұйым осы нұсқаулықтан оның
пайдаланылуына әсер етпейтін кейбір ерекшеліктерге ие болуы мүмкін.
Добавить комментарий