Centek CT-1702

Данная инструкция на русском языке предназначена для холодильника Centek CT-1702, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для холодильника представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
7
20. Тоңазытқыштың ішінде жанғыш газдарды немесе сұйықтықтарды сақтамаңыз.
21. Мұздатқыш камерада шыны шөлмектер мен ішіне сұйықтық құйылған құтыларды сақтамаңыз.
22. Егер сіз құралды пайдалану үшін басқа тұлғаға тапсырғыңыз келсе, оны осы нұсқаулықпен бірге жіберіңіз.
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ҰСЫНБАЛАР
- Электр қуатын берудің бір тізбегіне тым көп құралдар жалғамаңыз, өйткені тұтануы мүмкін.
- Егер сіз құралды ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, оның желілік ашасын розеткадан ажыратып қойыңыз.
- Төмен температуралы бөлімдердің ішкі қабырғаларын немесе онда жатқан өнімдерді дымқыл қолмен ұстамаңыз.
- Төмен температуралы бөлімге шөлмектер немесе өзге шыны ыдыстарды қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
- Тоңазытқышта салқындату салқындатқыш агенттің көмегімен қамтамасыз етіледі, ол тоңазытқышқа арнайы жабдықпен құйылады. Тоңазытқыштың
артқы жақтауындағы салқындатқыш агенттің циркуляциялық тұрбаларын зақымдамаңыз.
- Бұл бұйымда аз мөлшердегі табиғи газ - изобутаннан тұратын салқындатқыш агент бар, ол қоршаған орта үшін зиянды емес, алайда тұтанғыш болып
табылады. Тоңазытқышты тасымалдау және орнату кезінде салқындатқыш агенттің айналу контурының қандай да бір бөлігін зақымдап алмау үшін, абай
болу қажет.
- Тұрбадан шыққан салқындатқыш агент тұтануы немесе денсаулығыңызға нұқсан келтіруі мүмкін. Егер салқындатқыш агент контуры бүлінген болса,
кезкелген түрдегі ашық от немесе ықтимал тұтану көздеріне сақ болыңыз, сонымен бірге тоңазытқыш тұрған бөлмені бірнеше минуттай желдетіп алыңыз.
- Салқындатқыш агент төгілген жағдайда газ бен ауаның жарылыс қаупі бар қоспасы түзілмес үшін, тоңазытқыш тұрған бөлменің өлшемдері тоңазытқышта
пайдаланылатын салқындатқыш агенттің мөлшеріне сәйкес келуі қажет.
- Бөлме көлемі тоңазытқыштағы R600a салқындатқыш агентінің әр 8 грамына 1 м3 құрауы тиіс. Сіздің тоңазытқышыңыздағы салқындатқыш агенттің
мөлшері тоңазытқыштың артқы жақтауындағы паспорттық деректері бар тақтайшада көрсетілген.
- Бүліну белгілері байқалған құралды ешқашан қоспаңыз. Егер құралдың жарамдылығына күмәніңіз туындаса, сервистік қызметке жүгініңіз.
2. ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ
СТ-1700
- Тоңазытқыш - 1 дана
- Пайдалану жөніндегі нұсқаулық - 1 дана
- Су жинауға арналған түптабақ - 1 дана
- Торлы сөре - 1 дана
- Бітегіш - 3 дана
СТ-1702
- Тоңазытқыш - 1 дана
- Пайдалану жөніндегі нұсқаулық - 1 дана
- Су жинауға арналған түптабақ - 1 дана
- Торлы сөре - 2 дана
- Мұз қатыратын қалып - 1 дана
- Жұмыртқа салатын бөлік - 1 дана
СТ-1703
- Тоңазытқыш - 1 дана
- Пайдалану жөніндегі нұсқаулық - 1 дана
- Су жинауға арналған түптабақ - 1 дана
- Торлы сөре - 2 дана
- Шыны сөре - 1 дана
- Көкөністерге арналған контейнер - 1 дана
- Мұз қатыратын қалып - 1 дана
- Жұмыртқа салатын бөлік - 1 дана
3. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ТАСЫМАЛДАУ
Құралды тасымалдау немесе алып жүру кезінде оны астынан ұстаңыз және тік күйінде алып жүріңіз. Тоңазытқышты 45°-тан артық еңкейтуге болмай-
ды. Ешқашан оны төңкеріп қоймаңыз. Құралды қырынан немесе шалқайтып қоймаңыз. Егер ол қырынан, шалқайтып немесе еңкейтіп қойылған болса,
құралды тасымалдауға болмайды. Тасымалдау кезінде есігін тіреу ретінде пайдаланбаңыз. Бұл құралды істен шығаруы мүмкін. Тоңазытқыштың екі артқы
табаны роликтермен жабдықталған. Асүйде жылжыту және құралды орнына дәл орнату үшін тоңазытқышты артқа қарай сәл қиғаштап, жылжытыңыз.
Тоңазытқыштың алдыңғы екі табанының биіктігін реттеуге болады. Құралды дәл орналастыру үшін, алдыңғы табанда-
рын солға немесе оңға құрал еденде қозғалмайтындай етіп бұраңыз. Салқындатқыш агенттің тасымалданғаннан кейін
дұрыс таралғанына сенімді болу үшін тоңазытқышты тасымалдағаннан және орнатқаннан кейін, оны электр желісіне
қоспас бұрын үш сағаттай күтіңіз бұл тоңазытқыш дұрыс жұмыс жасауы үшін қажет.
4. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ
Дұрыс орнату тоңазытқыштың сенімді және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет. Тоңазытқышты астынан ұстап
көтеру қажет. Есігінен немесе тұтқасынан тартпаңыз. Өндірушінің кепілдігі қайта орнатылып қойылған кезде бүлінген
есікке берілмейді. Мұндай жағдайларға байланысты жөндеу иесінің есебінен жүзеге асырылады.
ЕСІКТЕРДІ ҚАЙТА ІЛУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есіктерді ауыстырып ілу рәсімін орындау үшін білікті маманға жүгіну ұсынылады.
Егер сіз тоңазытқыштың есігін өз бетіңізбен қайта орнатуды шешсеңіз, осы нұсқаулықтың төменде көрсетілген
нұсқауларын назарға алыңыз.
Қажетті құрал-саймандар: айқыш бұрағыш, жалпақ бұрағыш, алтықырлы кілт.
1. Тоңазытқышты электр желісінен ажыратыңыз.
2. Тоңазытқыш бөлігінен барлық өнімдерді алыңыз.
З. Тоңазытқыштың жоғарғы жағында орналасқан пластик қапсырманы бұрап алыңыз.
4. Тоңазытқыштың жоғарғы және төменгі ілмектерін бұрап алыңыз, содан кейін есігін абайлап алыңыз.
1. Мұздатқыш бөлігі
2. Ілгешек
3. Металл торлы сөре
4. Реттелмелі табандар
5. Температура реттегіші
6. Есік сөресі
7. Есік
8. Шөлмектерге арналған сөре
1. Мұздатқыш бөлігі
2. Металл торлы сөре
3. Реттелмелі табандар
4. Температура реттегіші
5. Есік сөресі
6. Есік
7. Шөлмектерге арналған сөре
1. Мұздатқыш бөлігі
2. Негізгі сөрелер
3. Көкөністерге арналған контейнер
4. Реттелетін тіректі монтаждау нүктелері (орнатылған есіктің қалпына байланысты)
5. Температура реттегіші
6. Есік сөрелері
7. Есік
8. Шөлмектерге арналған сөре
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Холодильники Centek