Centek CT-1700

Данная инструкция на русском языке предназначена для холодильника Centek CT-1700, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для холодильника представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
8
5. Төменгі ілмекті қарама-қарсы жағына бұрап тағыңыз, тоңазытқыштың есігін орнатыңыз және жоғарғы ілмекті шуруптармен бекітіңіз.
6. Пластик төсемені тоңазытқыштың жоғарғы ілмегіне бұраңыз.
7. Есіктің дұрыс орнатылғанына және тығыздағыштардың барлық жағынан жабылғанына көз жеткізіңіз.
8. Тоңазытқыштың орнықты болуын қамтамасыз ету үшін табанының биіктігін реттеңіз.
ЖЕЛДЕТУ
Жұмыс барысында тоңазытқыштың компрессоры мен конденсаторы қызады, сондықтан құралды жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету қажет.
1. Тоңазытқыш ылғалдылығы қалыпты, жақсы желдетілетін үй-жайда орнатылуы тиіс. Тоңазытқышты ылғалдылығы жоғары үй-жайларда, мысалы, жуы-
натын бөлмелерде, жертөлелерде орнатуға тыйым салынады.
2. Орнату кезінде ауа еркін айналып тұруы үшін құралдың екі жағынан кем дегенде 3-5 см және үстінен 10 см саңылау қалуын қамтамасыз етіңіз.
Құралдың артындағы ауа айналымын жауып тастамаңыз.
3. Жылу көздеріне жақын орналастырмаңыз.
4. Тоңазытқышты күн сәулесінің тікелей әсеріне ұрындыруға немесе жылу көздерінің (ас үй плиталары, духовкалар, каминдер) қасына орнатуға болмайды.
ТЕГІСТЕУ
Тоңазытқыш тиімді жұмыс істеуі үшін оның еден бетіне тегіс орналасуы маңызды. Тоңазытқышты тиісті орнына орнатқаннан кейін, оның алдыңғы
жағындағы қажетті қалпын реттеу тіректерін бұрап реттеңіз. Тоңазытқыштың артқа қарай көлбеулігі 5°-тан аспауы тиіс.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
Тоңазытқыш электр тогынан қорғалу дәрежесі жөнінен 1-класқа сәйкес келеді және жерге қосқыш түйіспесі бар екі полюсті розетканың көмегімен электр
желісіне қосылады.
Электр желісіне қосар алдында келесілерге көз жеткізіңіз:
- желі кернеуі тоңазытқыштың артқы жағында арнайы тақтада көрсетілген деректерге сәйкес келетініне;
- электр розеткасының жерге қосқыш түйіспесі электр желісінің қуат беру кабелінің жерге қосқыш сымымен жалғанғанына (жалғағыш сым 10 A кем
емес токқа есептелуі тиіс);
- розетка мен аша бір типті болуы тиіс; егер розетка ашаға сәйкес келмесе, ашаға сәйкес келетін басқа қуат беру бауымен ауыстыру керек (жұмыстарды
білікті электрик орындауы тиіс).
Тоңазытқыш розеткаға өтетін жолды бөгемей орнатылуы тиіс. Осы нұсқаулықта баяндалған қуаты үлкен тұрмыстық құралдардың қауіпсіздік талаптарын
бұза отырып қосылған тоңазытқыш қауіпті болуі мүмкін.
Орнатудың көрсетілген нормаларын бұзу салдарынан денсаулыққа және мүлікке келтірілген зиян үшін өндіруші жауап бермейді.
5. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
ҚОСАРДАН БҰРЫН
Тоңазытқышты электр желісіне орнатылғаннан кейін үш сағаттан соң қосу керек. Осылайша салқындатқыш агент тасымалдағаннан кейін тиісті түрде
таралады-бұл тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Тоңазытқышты электр желісіне қосқаннан кейін бірнеше сағат өткен соң ғана оған өнімдерді қоюға болады.
Компрессор мен артқы қабырға арасындағы тасымалдауға арналған кергіштерді, сондай-ақ құралдың жылжымалы бөліктерін ығысудан қорғайтын
басқа кергіштер мен желімді таспаларды алып тастаңыз.
Егер құралдың полимер қабықтан жасалған қорғаныш жабыны бар болса, оны тетіктердің лак-бояу немесе полимер жабынын зақымдамау үшін сақтық
шараларын сақтай отырып, алып тастаңыз.
ТОҢАЗЫТҚЫШ КАМЕРАНЫ ПАЙДАЛАНУ
Тоңазытқыш бөлік ішіндегі температура термореттегіш тұтқасын бұрау арқылы орнатылады. Термореттегішті орташа қалыпқа орнатыңыз. Тоңазытқыш
бөлігіндегі салқын ауа төмендеу температура бөліктің төменгі бөлігінде орнығатындай етіп айналып тұрады. Азық-түлік сақтаудың оңтайлы жағдайларын
қамтамасыз ету үшін оларды бөліктерге дұрыс орналастыру жөніндегі нұсқауларды орындаңыз: егер дұрыс сақталмаса, тіпті соңғы сатып алынған
өнімдердің өзі бүлінеді.
Тоңазытқыш бөлігі ыңғайлы сөрелермен жабдықталған, олардың биіктігін арнайы бағыттағыштардың көмегімен реттеуге болады. Бұл үлкен қаптамалар
мен биік шөлмектерді сөрелерге орналастыруға мүмкіндік береді. Ылғалдылықтың артуына жол бермеу үшін қақпағы жоқ ыдыстардағы сұйықтықтарды
тоңазытқышқа қоймаңыз, өйткені бұл тоңазытқыштағы температураның жоғарылауына әкеледі.
МҰЗДАТҚЫШ КАМЕРАНЫ ПАЙДАЛАНУ
Азық-түлікті сақтаудың ең жақсы жағдайларын қамтамасыз ету үшін төмендегі ұсынбаларға назар аударыңыз. Мұздатқыш камерада мұздатуға және
сақтауға арналған тамақ өнімдерін артық қырау тұрып қалмас үшін мұқият орау керек.
1. Мұздатқыш камераның ішіне орналастырылған өнімдер артқы және бүйірлік қабырғалармен жанаспағаны жөн.
2. Дұрыс сақтау және кейін жібіту оңай болуы үшін өнімдерді шағын мөлшерлермен салыңыз.
3. Мұздатқышқа қатып қалатын сұйықтықтарға толы шыны ыдыстарды, әсіресе ауыздары
тығыз жабылған болса немесе ішінде газдалған сусындар болса, ұзақ уақытқа қоймаңыз. Кристалданған сұйықтық ыдысты сындыруы мүмкін.
4. Ылғалдылықтың артуына жол бермеу үшін қақпағы жоқ ыдыстардағы сұйықтықтарды мұздатқыш камераға қоймаңыз, өйткені бұл температураның
жоғарылауына әкеледі.
6. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТУ
Тоңазытқыштағы өнімді еріту үшін термореттегіш тұтқасын «0» қалпына келтіріңіз және тоңазытқышты электр желісінен ажыратыңыз. Жібіту кезінде
мұздатылған тағамдарды бірнеше қабатқа орап, мүмкіндігінше суық жерге қойыңыз. Қайта қоспас бұрын тоңазытқыш бөлігін жуыңыз және мұқият
құрғатыңыз.
Егер мұздатқыш камерада жұмыс кезінде қалыңдығы 5 мм асатын қырау қабаты пайда болса, оны жібітуге дайындау керек. Бұл үшін оның ішіндегі өнімдерді
шығарып, оларды тоңазытқыш камераның сөрелеріне орналастыру қажет. Бұдан кейін мұздатқыш камераның есігін ашық қалдырыңыз және еріген суды
жинау үшін кез-келген ыдысты қойыңыз, содан кейін мұздатқыш камераны жуып, құрғатыңыз.
Иістердің пайда болуына жол бермеу үшін әрдайым өткір иісі бар өнімдерді тығыз жабылатын контейнерлерде сақтаңыз, әйтпесе сіңген иістерді кетіру қиын
болады.
Тоңазытқыштың ішкі және сыртқы беттерін губкамен немесе жұмсақ шүберекпен жуыңыз. Жебір емес жуғыш құралдарды пайдаланыңыз. Ешқашан ұнтақты
абразивті заттарды, сілтілі құрамдарды, органикалық қышқылдар мен ыстық суды қолданбаңыз, бұл лак-бояу жабынын зақымдауы мүмкін. Үшкір немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз, бұл тоңазытқышты зақымдауы мүмкін.
Барлық алынбалы бөліктерді сабын немесе жуғыш зат ерітіндісімен жууға болады. Оларды ыдыс жуғыш машинада жууға да болады. Барлық алынбалы
бөліктерді қайтадан тоңазытқышқа салмас бұрын мұқият кептіру керек екенін ұмытпаңыз.
Тоңазытқыштың конденсаторында шаң жиналып, оның қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Холодильники Centek