
9
Үйлесетін қондырмаларды пайдалана отырып, тоңазытқыштың артқы жақтауының шаңын абайлап сорып алыңыз.
Егер тоңазытқышты ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, оны қоректендіру көзінен ажыратып, ішін жуып, құрғатыңыз, бөтен иістер пайда болмас үшін
және іші көгеріп кетпес үшін есіктерін ашық қалдырыңыз.
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ҮНЕМДЕУ БОЙЫНША ҰСЫНБАЛАР
Тоңазытқышты дұрыс орнатыңыз
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ тармағының ұсынбаларына сәйкес жақсы желдетілетін үй-жайда, жылу көздерінен жеткілікті қашықтықта орнатылуы тиіс.
Температураны дұрыс орнатыңыз
Термореттегішті орташа қалыпқа орнатыңыз. Тым төмен температура орнатылса, бұл электр энергиясының шығынын арттырады, алайда өнімдердің
сақталуын жақсартпайды.
Тоңазытқышқа тамақты тым көп салмаңыз
Өнімдерді дұрыс сақтау үшін ауа жеткілікті түрде айналып тұруы тиіс. Тым көп салынған азық-түлік ауаның еркін айналуына, тоңазытқыштың дұрыс
жұмыс істеуіне кедергі туғызып, электр энергиясының қосымша шығынын тудырады.
Есігін жауып қойыңыз
Есіктерін тек қажет болған жағдайда ғана ашыңыз, есік ашылған сайын тоңазытқыштың ішіндегі температура біршама көтерілетінін және бұрынғы темпе-
ратураны қалпына келтіруге электр энергиясы жұмсалатынын есте сақтаңыз.
Тоңазытқыш есіктеріндегі тығыздағыш резеңке таза болуын және жапқан кезде корпуспен тығыз қабысуын қадағалаңыз, бұл суық ауаның ағып кетуіне
жол бермейді.
Ыстық тамақты қоймаңыз
Тоңазытқышқа салынған ыстық тамақ температураны бірден бірнеше градусқа көтереді. Азық-түлік пен ыдыстарды бөлме температурасына дейін суы-
тып, тоңазытқышқа қойыңыз.
7. АҚАУЛАРДЫ ТҮЗЕТУ
Тоңазытқыш дұрыс жұмыс істемесе немесе жұмысында ақау пайда болған жағдайда, авторизацияланған сервис орталығына жүгінбес бұрын осы
бөліммен танысыңыз. Кейбір жағдайларда сіз туындаған мәселелерді өз бетіңізбен жоя аласыз.
ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ
Келесілерді тексеріңіз:
- үйде электр қуатының өшірілмегенін;
- ашаның розеткаға сенімді енгізілгенін;
- розетканың жарамды болуын.
КОМПРЕССОР ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ
Келесілерді тексеріңіз:
- тоңазытқыштың есігі мықтап жабылып, жиі ашылмайды;
- үй-жайдағы температура тым жоғары емес;
- термореттегіш тұтқасы дұрыс күйде тұр.
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ ЖҰМЫС КЕЗІНДЕГІ ШУЫЛЫ ТЫМ ҚАТТЫ
Келесілерді тексеріңіз:
- тоңазытқыш орнықты қойылмаған;
- тоңазытқыш басқа заттарға тиіп тұр (мысалы, айналасындағы жиһазға);
- салқындату жүйесінің ішінде айналып тұратын салқындатқыш агент компрессор жұмыс істемей тұрғанның өзінде аздап сыбдырлаған дыбыс шығаруы
мүмкін. Бұл ақау емес және тоңазытқыштың тиімді жұмысына әсер етпейді;
- термостат пен компрессорды қосқан кездегі өздеріне тән дыбыстары аспаптың электр жабдықтары жұмыс істеген кезде пайда болатын қалыпты
дыбыстар болып табылады.
Егер тексергеннен кейін де тоңазытқыш тиісті түрде жұмыс істемесе, авторизацияланған сервистік орталықпен хабарласыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұл тоңазытқышта қоршаған орта үшін іс жүзінде қауіпсіз, бірақ жанғыш газ болып табылатын аз мөлшерде R600a салқындатқыш
агенті бар, Салқындатқыш агент ағып кеткен жағдайда, көзді тітіркендіруі немесе тұтануы мүмкін.
8. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Моделі CT-1700 CT-1702 CT-1703
Климаттық класы N N N
Көлемі: толық / тоңазытқыш 45 л/43 л 67 л/66 л 94 л/93 л
Номиналды кернеуі 220-240 В ~50 Гц 220-240 В ~50 Гц 220-240 В ~50 Гц
Ең үлкен қуаттылығы 75 Вт 60 Вт 65 Вт
Ток 0.5 А 0.45 А 0.5 А
Шуыл деңгейі 39 дБ 39 дБ 39 дБ
Электр энергиясын тұтынуы 0.381 кВт/24ч 0.389 кВт/24ч 0.30 кВт/24ч
Энергия тұтыну класы А А А
Салқындатқыш агент R600a (15 г) R600a (16 г) R600a (20 г)
ТОҢАЗЫТҚЫШТАҒЫ ТЕМПЕРАТУРА ТЫМ ЖОҒАРЫ
Келесілерді тексеріңіз:
- есік тығыз жабылған, тығыздағышы бүтін;
- термореттегіш тұтқасы дұрыс күйде тұр;
- бөліктеріне азық-түлік көп толтырылмаған;
- есік жиі ашылмайды.
Добавить комментарий