
16
ҚАТЕ КОДЫНЫҢ КЕСТЕСІ
1 және 6 диодтары жыпылықтайды Тоңазытқыш температура сенсоры қатесі
1 және 3 диодтары жыпылықтайды Мұздатқыш температура сенсорының қатесі
1 және 5 диодтары жыпылықтайды Жібіту сенсоры қатесі
1 және 4 диодтары жыпылықтайды Сыртқы температура сенсоры қатесі
6. ҚҰРАЛДЫ ТАЗАЛАУ
1. Тоңазытқышты тазалау немесе техникалық қызмет көрсету кезінде ең алдымен розет-
кадан ашаны суырып, оны токтан ажыратыңыз. Камерадағы тамақ өнімдерін шығарыңыз.
Бейтарап жуғыш құралдарды пайдаланыңыз. Ешқашан ұнтақты абразивті заттарды, сілтілі
құрамдарды, органикалық қышқылдар мен ыстық суды қолданбаңыз, бұл лак-бояу жабы-
нын зақымдауы мүмкін. Үшкір немесе металл заттарды пайдаланбаңыз, бұл тоңазытқышты
зақымдауы мүмкін.
2. Есік тығыздағыш тез ластанады, оны жиі жуып тұру керек.
3. Тоңазытқышты пайдалануда ұзақ уақыт үзіліс болған жағдайда, розеткадан ашаны суы-
рып, тоңазытқыш ішін ерітіңіз, жуыңыз және әбден құрғатып сүртіңіз.
7. АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ
Тоңазытқыш дұрыс жұмыс істемесе немесе жұмысында ақау пайда болған жағдайда,
авторизацияланған сервис орталығына жүгінбес бұрын осы бөлімді оқып шығыңыз. Кейбір
жағдайларда сіз туындаған мәселелерді өз бетіңізбен жоя аласыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұл тоңазытқышта қоршаған орта үшін іс жүзінде қауіпсіз, бірақ жанғыш
газ болып табылатын аз мөлшерде R600a салқындатқыш агенті бар, Салқындатқыш агент
ағып кеткен жағдайда, көзді тітіркендіруі немесе тұтануы мүмкін.
Мәселе Себебі
Компрессор жұмысының
ұзаққа созылуы
- Компрессор жазда, сыртқы орта температурасы
жоғары болған кезде ұзағырақ жұмыс істейді;
- Мұздатқыш камераға бір уақытта тым көп өнім
салынған;
- Тоңазытқышта ыстық өнімдер бар;
- Тоңазытқыштың есіктерін жиі ашу;
- Есік дұрыс жабылмайды.
Иісі -Иісі өткір өнімдерді тығыз орау керек;
-Азық-түліктердің ескірмегенін тексеріңіз.
Жұмыс істемейді -Тоңазытқыш қуат көзіне қосылмаған немесе
жалғанбаған;
-Кернеуі төмен;
-Қуаттың немесе тұйықтау тізбегінің тоқтап қалуы.
Добавить комментарий