
6
20. Тоңазытқыштың ішкі салқындатқыш жақтауларын ұстамаңыз.
21. Тазалау немесе қызмет көрсету үшін кез-келген операцияларды
орындамас бұрын тоңазытқышты желіден ажыратыңыз. Электр
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін термореттегіш тұтқасын «ӨШІРУ»
қалпына келтіру жеткіліксіз.
22. Тоңазытқыш конструкциясын өзгертуге және өндіруші кепілді
жөндеуге өкілеттік бермеген тұлғалардың араласуына тыйым салы-
нады.
23. Егер өндіруші мұны ұсынбаған болса, тамақ өнімдерін сақтауға
арналған бөлім ішінде электр құралдарын пайдаланбаңыз.
24. Тоңазытқыштың ішінде жанғыш газдарды немесе сұйықтықтарды
сақтамаңыз.
25. Мұздатқыш камерада шыны шөлмектер мен ішіне сұйықтық құйылған
құтыларды сақтамаңыз.
26. Егер сіз құралды пайдалану үшін басқа тұлғаға тапсырғыңыз келсе,
оны осы нұсқаулықпен бірге жіберіңіз.
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ҰСЫНБАЛАР
–Электр қуатын берудің бір тізбегіне тым көп құралдар жалғамаңыз,
өйткені тұтануы мүмкін.
–Егер сіз құралды ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, оның
желілік ашасын розеткадан ажыратып қойыңыз.
–Төмен температуралы бөлімдердің ішкі қабырғаларын немесе онда
жатқан өнімдерді дымқыл қолмен ұстамаңыз.
ЕСКЕРТУ!
–Тоңазытқышта салқындату салқындатқыш агенттің көмегімен
қамтамасыз етіледі, ол тоңазытқышқа арнайы жабдықпен құйылады.
Тоңазытқыштың артқы жақтауындағы салқындатқыш агенттің
циркуляциялық тұрбаларын зақымдамаңыз.
–Бұл бұйымда аз мөлшердегі табиғи газ - изобутаннан тұратын
салқындатқыш агент бар, ол қоршаған орта үшін зиянды емес, алайда
тұтанғыш болып табылады. Тоңазытқышты тасымалдау және орнату
кезінде салқындатқыш агенттің айналу контурының қандай да бір
бөлігін зақымдап алмау үшін, абай болу қажет.
–Тұрбадан шыққан салқындатқыш агент тұтануы немесе
денсаулығыңызға нұқсан келтіруі мүмкін. Егер салқындатқыш агент
контуры бүлінген болса, кезкелген түрдегі ашық от немесе ықтимал
тұтану көздеріне сақ болыңыз, сонымен бірге тоңазытқыш тұрған
бөлмені бірнеше минуттай желдетіп алыңыз.
–Салқындатқыш агент төгілген жағдайда газ бен ауаның жары-
лыс қаупі бар қоспасы түзілмес үшін, тоңазытқыш тұрған бөлменің
өлшемдері тоңазытқышта пайдаланылатын салқындатқыш агенттің
мөлшеріне сәйкес келуі қажет.
–Бөлме көлемі тоңазытқыштағы R600a салқындатқыш агентінің әр 8
грамына 1 м3 құрауы тиіс. Сіздің тоңазытқышыңыздағы салқындатқыш
агенттің мөлшері тоңазытқыштың артқы жақтауындағы паспорттық
деректері бар тақтайшада көрсетілген.
–Бүліну белгілері байқалған құралды ешқашан қоспаңыз. Егер
құралдың жарамдылығына күмәніңіз туындаса, сервистік қызметке
жүгініңіз.
2. ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ
Жеткізу жиынтығы СТ-1734 СТ-1735
Тоңазытқыш 1 д. 1 д.
Шыңдалған шыныдан жасалған сөре 4 д. 4 д.
Мұздатқыш камера контейнері 3 д. 3 д.
Тоңазытқыш камера контейнері 1 д. 2 д.
Есік сөрелері 5 д. 6 д.
Жұмыртқа салатын ыдыс 1 д. 1 д.
Мұз қатыратын қалып 1 д. 1 д.
Есікке орнату 2 д. 2 д.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 1 д. 1 д.
АСПАПТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1. LED-шам
2. Тоңазытқыш камера сөрелері
3. Балғындық аймағы
4. Мұздатқыш камера контейнері
5. Реттелетін табандар
6. Есігінің сөрелері
3. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ТАСЫМАЛДАУ
Құралды тасымалдау немесе алып жүру кезінде оны астынан ұстаңыз
және тік күйінде алып жүріңіз. Тоңазытқышты 45°-тан артық еңкейтуге
болмайды. Ешқашан оны төңкеріп қоймаңыз. Құралды қырынан немесе
шалқайтып қоймаңыз. Егер ол қырынан, шалқайтып немесе еңкейтіп
қойылған болса, құралды тасымалдауға болмайды. Тасымалдау кезінде
есігін тіреу ретінде пайдаланбаңыз. Бұл құралды істен шығаруы мүмкін.
Тоңазытқыштың екі артқы табаны роликтермен жабдықталған. Асүйде
жылжыту және құралды орнына дәл орнату үшін тоңазытқышты артқа
қарай сәл қиғаштап, жылжытыңыз. Тоңазытқыштың алдыңғы екі
табанының биіктігін реттеуге болады. Құралды дәл орналастыру үшін,
алдыңғы табандарын солға немесе оңға құрал еденде қозғалмайтындай
етіп бұраңыз. Салқындатқыш агенттің тасымалданғаннан кейін дұрыс
таралғанына сенімді болу үшін тоңазытқышты тасымалдағаннан және
орнатқаннан кейін, оны электр желісіне қоспас бұрын үш сағаттай күтіңіз
бұл тоңазытқыш дұрыс жұмыс жасауы үшін қажет.
4. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ
Дұрыс орнату тоңазытқыштың сенімді және тиімді жұмысын қамтамасыз
ету үшін қажет. Тоңазытқышты астынан ұстап көтеру қажет. Есігінен
немесе тұтқасынан тартпаңыз. Өндірушінің кепілдігі қайта орнатылып
қойылған кезде бүлінген есікке берілмейді. Мұндай жағдайларға байла-
нысты жөндеу иесінің есебінен жүзеге асырылады.
ЕСІКТЕРДІ ҚАЙТА ІЛУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есіктерді ауыстырып ілу рәсімін орындау үшін білікті
маманға жүгіну ұсынылады.
Егер сіз тоңазытқыштың есігін өз бетіңізбен қайта орнатуды шешсеңіз,
осы нұсқаулықтың төменде көрсетілген нұсқауларын назарға алыңыз.
Қажетті құрал-саймандар: айқыш бұрағыш, жалпақ бұрағыш,
алтықырлы кілт.
–Тарату қорабының қақпағын шешіңіз.
–Жоғарғы ілмекті шешіп алыңыз. Дисплей шлейфін қуат көзінен
ажыратыңыз.
–Үстіңгі есікті ашып, оны мұқият жоғары көтеріңіз. Есік ілмегінен шығып,
тоңазытқыштан толығымен ағытылуы тиіс.
–Бұрағыштың көмегімен ортаңғы ілмекті шешіп алыңыз.
–Мұздатқыш камераның есігін шешіп алыңыз.
–Бұрағыштың көмегімен тоңазытқыштың төменгі бөлігіндегі ілмек
бекіткішін шешіп алыңыз. Төмендегі суретте көрсетілгендей ілмек
бекіткішті төңкеріп, топсасын ауыстырып, оны қарама-қарсы жағына
қойыңыз.
–Мұздатқыш камераның есігін төменгі ілмекке орнатыңыз.
–Бұрағыштың көмегімен ортаңғы ілмекті төменгі ілмек жағына
орнатыңыз.
–Жоғарғы есікті ортаңғы ілмекке орнатыңыз. Дисплей шлейфін қуат
көзіне қосыңыз.
–Бұрағыштың көмегімен жоғарғы ілмекті қалғандары сияқты қарсы
жағына орнатыңыз.
–Ілмектің үстіне бітеуішті орнатыңыз.
ЖЕЛДЕТУ
Жұмыс барысында тоңазытқыштың компрессоры мен конденсаторы
қызады, сондықтан құралды жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету
қажет.
–Тоңазытқыш ылғалдылығы қалыпты, жақсы желдетілетін үй-жайда
орнатылуы тиіс. Тоңазытқышты ылғалдылығы жоғары үй-жайларда,
Добавить комментарий