
78
–Есік сөрелері: СТ-1732 - 5 д., СТ-1733 - 6 д.
–Жұмыртқа салатын ыдыс - 2 дана
–Мұз қатыратын қалып - 1 дана
–Есікке орнату – 2 дана
–Пайдалану жөніндегі нұсқаулық - 1 дана
АСПАПТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1. LED-шам
2. Тоңазытқыш камера сөрелері
3. Балғындық аймағы (СТ-1733)
4. Балғындық аймағы (СТ-1732), нөлдік аймақ (СТ-1733)
5. Мұздатқыш камера контейнері
6. Реттелетін табандар
7. Есігінің сөрелері
3. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ТАСЫМАЛДАУ
Құралды тасымалдау немесе алып жүру кезінде оны астынан
ұстаңыз және тік күйінде алып жүріңіз. Тоңазытқышты 45°-тан
артық еңкейтуге болмайды. Ешқашан оны төңкеріп қоймаңыз.
Құралды қырынан немесе шалқайтып қоймаңыз. Егер ол
қырынан, шалқайтып немесе еңкейтіп қойылған болса, құралды
тасымалдауға болмайды. Тасымалдау кезінде есігін тіреу
ретінде пайдаланбаңыз. Бұл құралды істен шығаруы мүмкін.
Тоңазытқыштың екі артқы табаны роликтермен жабдықталған.
Асүйде жылжыту және құралды орнына дәл орнату үшін
тоңазытқышты артқа қарай сәл қиғаштап, жылжытыңыз.
Тоңазытқыштың алдыңғы екі табанының биіктігін реттеуге бо-
лады. Құралды дәл орналастыру үшін, алдыңғы табандарын
солға немесе оңға құрал еденде қозғалмайтындай етіп бұраңыз.
Салқындатқыш агенттің тасымалданғаннан кейін дұрыс
таралғанына сенімді болу үшін тоңазытқышты тасымалдағаннан
және орнатқаннан кейін, оны электр желісіне қоспас бұрын үш
сағаттай күтіңіз бұл тоңазытқыш дұрыс жұмыс жасауы үшін
қажет.
4. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ
Дұрыс орнату тоңазытқыштың сенімді және тиімді жұмысын
қамтамасыз ету үшін қажет. Тоңазытқышты астынан ұстап көтеру
қажет. Есігінен немесе тұтқасынан тартпаңыз. Өндірушінің
кепілдігі қайта орнатылып қойылған кезде бүлінген есікке
берілмейді. Мұндай жағдайларға байланысты жөндеу иесінің
есебінен жүзеге асырылады.
ЕСІКТЕРДІ ҚАЙТА ІЛУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есіктерді ауыстырып ілу рәсімін орындау
үшін білікті маманға жүгіну ұсынылады.
Егер сіз тоңазытқыштың есігін өз бетіңізбен қайта орнатуды
шешсеңіз, осы нұсқаулықтың төменде көрсетілген нұсқауларын
назарға алыңыз.
Қажетті құрал-саймандар: айқыш бұрағыш, жалпақ бұрағыш,
алтықырлы кілт.
–Тарату қорабының қақпағын шешіңіз.
–Жоғарғы ілмекті шешіп алыңыз. Дисплей шлейфін қуат көзінен
ажыратыңыз.
–Үстіңгі есікті ашып, оны мұқият жоғары көтеріңіз. Есік ілмегінен
шығып, тоңазытқыштан толығымен ағытылуы тиіс.
–Бұрағыштың көмегімен ортаңғы ілмекті шешіп алыңыз.
–Мұздатқыш камераның есігін шешіп алыңыз.
–Бұрағыштың көмегімен тоңазытқыштың төменгі бөлігіндегі
ілмек бекіткішін шешіп алыңыз. Төмендегі суретте
көрсетілгендей ілмек бекіткішті төңкеріп, топсасын ауыстырып,
оны қарама-қарсы жағына қойыңыз.
–Мұздатқыш камераның есігін төменгі ілмекке орнатыңыз.
–Бұрағыштың көмегімен ортаңғы ілмекті төменгі ілмек жағына
орнатыңыз.
–Жоғарғы есікті ортаңғы ілмекке орнатыңыз. Дисплей шлейфін
қуат көзіне қосыңыз.
–Бұрағыштың көмегімен жоғарғы ілмекті қалғандары сияқты
қарсы жағына орнатыңыз.
–Ілмектің үстіне бітеуішті орнатыңыз.
ЖЕЛДЕТУ
Жұмыс барысында тоңазытқыштың компрессоры мен кон-
денсаторы қызады, сондықтан құралды жеткілікті желдетуді
қамтамасыз ету қажет.
–Тоңазытқыш ылғалдылығы қалыпты, жақсы желдетілетін үй-
жайда орнатылуы тиіс. Тоңазытқышты ылғалдылығы жоғары
үй-жайларда, мысалы, жуынатын бөлмелерде, жертөлелерде
орнатуға тыйым салынады.
–Орнату кезінде ауа еркін айналып тұруы үшін құралдың екі
жағынан кем дегенде 3-5 см және үстінен 10 см саңылау
қалуын қамтамасыз етіңіз. Құралдың артындағы ауа айналы-
мын жауып тастамаңыз.
–Жылу көздеріне жақын орналастырмаңыз.
–Тоңазытқышты күн сәулесінің тікелей әсеріне ұрындыруға не-
месе жылу көздерінің (ас үй плиталары, духовкалар, камин-
дер) қасына орнатуға болмайды.
ТЕГІСТЕУ
Тоңазытқыш тиімді жұмыс істеуі үшін оның еден бетіне тегіс
орналасуы маңызды. Тоңазытқышты тиісті орнына орнатқаннан
кейін, оның алдыңғы жағындағы қажетті қалпын рет-
теу тіректерін бұрап реттеңіз. Тоңазытқыштың артқа қарай
көлбеулігі 5°-тан аспауы тиіс.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
Тоңазытқыш электр тогынан қорғалу дәрежесі жөнінен 1-класқа
сәйкес келеді және жерге қосқыш түйіспесі бар екі полюсті
розетканың көмегімен электр желісіне қосылады.
Электр желісіне қосар алдында келесілерге көз жеткізіңіз:
–желі кернеуі тоңазытқыштың артқы жағында арнайы тақтада
көрсетілген деректерге сәйкес келетініне;
–электр розеткасының жерге қосқыш түйіспесі электр желісінің
қуат беру кабелінің жерге қосқыш сымымен жалғанғанына
(жалғағыш сым 10 A кем емес токқа есептелуі тиіс);
–розетка мен аша бір типті болуы тиіс; егер розетка ашаға
сәйкес келмесе, ашаға сәйкес келетін басқа қуат беру бауы-
мен ауыстыру керек (жұмыстарды білікті электрик орындауы
тиіс).
Тоңазытқыш розеткаға өтетін жолды бөгемей орнатылуы тиіс. Осы
нұсқаулықта баяндалған қуаты үлкен тұрмыстық құралдардың
қауіпсіздік талаптарын бұза отырып қосылған тоңазытқыш
қауіпті болуі мүмкін.
Орнатудың көрсетілген нормаларын бұзу салдарынан
денсаулыққа және мүлікке келтірілген зиян үшін өндіруші жауап
бермейді.
5. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
ҚОСАРДАН БҰРЫН
Тоңазытқышты электр желісіне орнатылғаннан кейін
үш сағаттан соң қосу керек. Осылайша салқындатқыш
агент тасымалдағаннан кейін тиісті түрде таралады-бұл
тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Тоңазытқышты электр желісіне қосқаннан кейін бірнеше сағат
өткен соң ғана оған өнімдерді қоюға болады.
Компрессор мен артқы қабырға арасындағы тасымалдауға
арналған кергіштерді, сондай-ақ құралдың жылжымалы
бөліктерін ығысудан қорғайтын басқа кергіштер мен желімді
таспаларды алып тастаңыз.
Егер құралдың полимер қабықтан жасалған қорғаныш жабыны
бар болса, оны тетіктердің лак-бояу немесе полимер жабынын
зақымдамау үшін сақтық шараларын сақтай отырып, алып
тастаңыз.
ДИСПЛЕЙ
NORMAL
COLDERCOLD
(summer) (winter)
Freezer
Control
1
2
3
Тоңазытқышты бірінші рет қосқан кезде,
дисплей (оның ішінде барлық индикатор-
лар) үш секунд ішінде ең үлкен жарықпен
жанады, содан кейін тек іске қосылған
режимнің жарығы жанып тұрады.
1. Температура режимін таңдау батыр-
масы.
2. «Super cool» режимін іске қосу батыр-
масы.
3. Тоңазытқыш камерасының темпера-
туралық режимінің индикаторлары (2, 3,
4, 6, 8 °С)
Температура режимін ауыстыру үшін (1)
батырмасын қолданыңыз. Батырманы
біртіндеп басу арқылы қажетті темпе-
ратураны таңдаңыз, режим 15 секунд-
тан кейін іске қосылады. Егер Сізге нөлдік аймақты жылдам
салқындату қажет болса, «Super cool» режимін пайдаланыңыз.
МҰЗДАТҚЫШ КАМЕРАНЫ ПАЙДАЛАНУ
NORMAL
COLDERCOLD
(summer) (winter)
Freezer
Control
Мұздатқыш камераның температура реттегіші тоңазытқыш
бөлімінің төменгі жағында, нөлдік аймақтың төменгі
контейнерінің артында орналасқан.
Температура реттегіштің көмегімен талаптарға сәйкес келетін
режимді таңдауға болады:
«COLD» -қарқынды мұздату режимі. Жазғы уақытта немесе
сыртқы ортаның температурасы 35°С-тан жоғары болғанда
қолданылады.
«COLDER» - баяу мұздату режимі. Қысқы уақытта немесе сыртқы
ортаның температурасы 35°С-тан төмен болғанда қолданылады.
«NORMAL» - «COLD» және «COLDER» режимдері арасындағы
орташа мән. Әдетте сыртқы ортаның бөлме температурасында
қолданылады.
Азық-түлікті сақтаудың ең жақсы жағдайларын қамтамасыз
ету үшін төмендегі ұсынбаларға назар аударыңыз. Мұздатқыш
камерада мұздатуға және сақтауға арналған тамақ өнімдерін
артық қырау тұрып қалмас үшін мұқият орау керек.
–Мұздатқыш камераның ішіне орналастырылған өнімдер артқы
және бүйірлік қабырғалармен жанаспағаны жөн.
–Дұрыс сақтау және кейін жібіту оңай болуы үшін өнімдерді
шағын мөлшерлермен салыңыз.
–Мұздатқышқа қатып қалатын сұйықтықтарға толы шыны
ыдыстарды, әсіресе ауыздары тығыз жабылған болса немесе
ішінде газдалған сусындар болса, ұзақ уақытқа қоймаңыз.
Кристалданған сұйықтық ыдысты сындыруы мүмкін.
–Ылғалдылықтың артуына жол бермеу үшін қақпағы жоқ
ыдыстардағы сұйықтықтарды мұздатқыш камераға қоймаңыз,
өйткені бұл температураның жоғарылауына әкеледі.
6. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТУ
Тоңазытқышты тазалау немесе техникалық қызмет көрсету
кезінде ең алдымен розеткадан ашаны суырып, оны ток-
тан ажыратыңыз. Камерадағы тамақ өнімдерін шығарыңыз.
Бейтарап жуғыш құралдарды пайдаланыңыз. Ешқашан
ұнтақты абразивті заттарды, сілтілі құрамдарды, органикалық
қышқылдар мен ыстық суды қолданбаңыз, бұл лак-бояу жа-
бынын зақымдауы мүмкін. Үшкір немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз, бұл тоңазытқышты зақымдауы мүмкін.
Есік тығыздағыш тез ластанады, оны жиі жуып тұру керек.
Тоңазытқышты пайдалануда ұзақ уақыт үзіліс болған жағдайда,
розеткадан ашаны суырып, тоңазытқыш ішін ерітіңіз, жуыңыз
және әбден құрғатып сүртіңіз.
7. АҚАУЛАРДЫ ТҮЗЕТУ
Тоңазытқыш дұрыс жұмыс істемесе немесе жұмысында ақау
пайда болған жағдайда, авторизацияланған сервис орталығына
жүгінбес бұрын осы бөліммен танысыңыз. Кейбір жағдайларда
сіз туындаған мәселелерді өз бетіңізбен жоя аласыз.
Мәселе Себебі
Компрессор жұмысының
ұзаққа созылуы
–Компрессор жазда, сыртқы орта темпе-
ратурасы жоғары болған кезде ұзағырақ
жұмыс істейді;
–Мұздатқыш камераға бір уақытта тым көп
өнім салынған;
–Тоңазытқышта ыстық өнімдер бар;
–Тоңазытқыштың есіктерін жиі ашу;
–Есік дұрыс жабылмайды
Иісі –Иісі өткір өнімдерді тығыз орау керек;
–Азық-түліктердің ескірмегенін тексеріңіз
Добавить комментарий