
74 | Қазақ
1 609 92A 4E3 | (13.08.2018) Bosch Power Tools
Аккумулятордың заряд деңгейінің индикаторы
Аккумулятордың заряд деңгейінің индикаторы (3)
бірнеше секунд жартылай немесе толық басылған
ажыратқыш (2) күйінде аккумулятордың зарядталғанын
көрсетеді және 3 жасыл жарық диодын қамтиды.
Жарық диоды Қуаты
Үздіксіз жарық 3 x жасыл ≥ 66%
Үздіксіз жарық 2 x жасыл 33 – 66%
Үздіксіз жарық 1 x жасыл 11 – 33%
ақырын жыпылықтау 1 x жасыл ≤ 10%
Аккумуляторды салып шығару
uАккумуляторды салуда күш салмаңыз. Аккумулятор
сорғышқа тек дұрыс күйде салынатып етіп құрылған.
– Зарядталған аккумуляторды (4) шаңсорғышқа шерту
дыбысымен тірелгенше және берік бұғатталғанша
жылжытыңыз.
– Аккумуляторды (4) шығарып алу үшін
аккумулятордағы босату түймесін (12) басып, оны
суретте көрсетілгендей шаңсорғыштан тартып
шығарыңыз (A суретін қараңыз). Осы кезде күш
салмаңыз.
Сору керек-жарақтарын орнату (B суретін
қараңыз)
uШаңсорғышқа қызмет көрсету немесе оны
тазалаудан, құрылғыны ретегеннен, жабдықтарды
алмастырудан немесе шаңсорғышты сақтауға
қоюдан алдын аккумуляторды шығарып қойыңыз.
Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз
қосылуына жол бермейді.
Сору керек-жарақтарын тікелей шаң жинағышпен (6)
бірге жалғауға болады.
Түрлі шаңсорғыш жабдықтарын комбинациялау
мүмкіндіктерін суреттен қарап алыңыз.
– Сору керек-жарақтарын шаң жинағыштағы (6)
жалғағышқа және бір-біріне енгізіңіз.
Пайдалану
uШаңсорғышқа қызмет көрсету немесе оны
тазалаудан, құрылғыны ретегеннен, жабдықтарды
алмастырудан немесе шаңсорғышты сақтауға
қоюдан алдын аккумуляторды шығарып қойыңыз.
Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз
қосылуына жол бермейді.
Пайдалануға ендіру
uСорудан алдын сүзгі қатты орнатылғанын
тексеріңіз.
uТек зақымдалмаған сүзгіні (сызатсыз, тесіксіз
және т.б.) пайдаланыңыз. Зақымдалған сүзгіні
дереу алмастырыңыз.
Ажыратқыш
– Шаңсорғышты қосу үшін қосу-өшіру түймесін (2)
басыңыз.
– Шаңсорғышты өшіру үшін қосу-өшіру түймесін (2)
қайтадан басыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
uШаңсорғышқа қызмет көрсету немесе оны
тазалаудан, құрылғыны ретегеннен, жабдықтарды
алмастырудан немесе шаңсорғышты сақтауға
қоюдан алдын аккумуляторды шығарып қойыңыз.
Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз
қосылуына жол бермейді.
uДұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
– Шаңсорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дамқыл
шүберекпен тазалаңыз.
– Ластанған зарядтау контактілерін құрғақ шүберекпен
тазалаңыз.
Шаң жинағышты тазалау (C1–C2 суреттерін қараңыз)
Шаң жинағышты(6) әр пайдаланудан соң тазалап,
шаңсорғыштың оңтайлы қуатына қол жеткізіңіз.
– Шаңсорғышты ашқанда шаң жинағыштан түспеуі үшін
шаңсорғышты азғантай төмен қаратып ұстаңыз.
– Босату түймесін(1) басып, шаң жинағышты(6)
қозғалтқыш корпусынан(5) алып тастаңыз.
– Шаң жинағышты(6) арнайы қоқыс контейнерінің
үстінен қағыңыз.
– Қажет болса, сүзгіні тазалаңыз(қараңыз „Сүзгіні
тазалау(D1 – D4 суреттерін қараңыз)“, Бет74).
– Содан кейін шаң жинағышты қозғалтқыш корпусының
астынан іліңіз де, шаң жинағышты тірелгенше азғантай
басыңыз.
Сүзгіні тазалау(D1 – D4 суреттерін қараңыз)
Шағын лас сүзгісін (16) тазалауға болмайды.
– Шаңсорғышты ашқанда шаң жинағыштан түспеуі үшін
шаңсорғышты азғантай төмен қаратып ұстаңыз.
– Босату түймесін(1) басып, шаң жинағышты(6)
қозғалтқыш корпусынан(5) алып тастаңыз.
– Дөрекі лас сүзгісін(14) қылшақпен тазалаңыз.
– Сүзгі блогын (дөрекі лас сүзгісін(14) және шағын лас
сүзгісін(16)) (корпустың қабырғасында(15))
қозғалтқыш корпусынан тартып шығарыңыз.
– Шағын лас сүзгісін(16) дөрекі лас сүзгісінен(14)
тартып шығарыңыз.
– Ұзын жақтағы шағын лас сүзгісін(16) сәл қысып, оны
арнайы шаң контейнерінің үстінен мұқият қағыңыз.
Қажет болса, шағын лас сүзгісін жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
– Жинау кері ретте орындалады.
Добавить комментарий