
168 | Қазақ
uӨзіңізде лайықты арнайы техникалық біліміңіз
болмаған жағдайда бұйымда жөндеу жұмыстарын
өткізбеңіз.
uАуыстырылатын бөлшектері Bosch фирмасының
бұйымдары болғанына назар аударыңыз.
uПышақ білеуін кездейсок түрде түртіп қалуға жол
бермеу үшін бұл бұтақ кескіш механикалық
бұғаттағышы бар айырақосқышпен жабдықталған.
Бұтақ кескішті басқару үшін алдымен, пышақ жүзі әлі
іске қосылмай тұрғанда, бұғаттау түймешігін басу
керек (I суретін қараңыз). Бұғаттауыш түймешігін
басылмағанда құралды қолданбаңыз. Бұл құралды тек
қана бір қолмен басқармаңыз. Құралды екі
қолыңызбен ұстап қолданыңыз, бір қолыңызбен
құралды нық қылып ұстап жүру үшін, ал екінші
қолыңызбен Қосу/Өшіру түймешігін баса алу үшін (I
суретін қараңыз).
Қауіпсіздік нұсқаулары мен аккумуляторды
оңтайлы түрде пайдалану бойынша нұсқаулар
uАккумуляторды құралға енгізу алдынан құрал
өшіріліп қойылған қалыпта болғанын тексеріп
алыңыз. Аккумуляторды қосылып тұрған бақ
электрбұйымына енгізу апаттарға апара алады.
uТек қана осы бақ электрбұйымы үшін арналған
арнайы Bosch аккумуляторларын қолданыңыз.
Басқа түрлі аккумуляторларды қолдану жаралану және
өрт қауібіне апара алады.
uАккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
бар.
Акумуляторды ыстықтан (мысалы, ұзақ
уақыт бойы күн сәулеленуінен де), оттан,
судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу
қауібі бар.
uҚолданылмаған аккумуляторды қағаз
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден,
инелерден, бұрандалардан немесе контакттарға
бөгет ете алатын басқа металл заттардан алыс
жерде сақтаңыз. Аккумулятордың контакттары
арасындағы қысқа мерзімді тұйықталу себебінен күйіп
қалу немесе өрт пайда болуы мүмкін.
uАккумуляторда зақымданған жерлері бар болғанда
немесе ол дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу
шығуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс аумағына таза
ауа кіргізіп, шағымдар болса, дәрігерге жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
uБұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
uШеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
uАккумулятордың қысқа тұйықталуын өткізбеңіз.
Жарылу қауібі бар.
uАккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдықтан
қорғап жүріңіз.
uБақ электр бұйымын температура аумағы -20 °C және
50 °C аралығында болған жерлерде ғана сақтаңыз. Бақ
электр бұйымын, мысалы, жазда көлікте
қалдырмаңыз.
uАккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза
және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
жүріңіз.
Техникалық күтім
uҚұралда реттеу немесе тазалау жұмыстарын өткізу
алдынан немесе құралды ұзақ уақыт бойы
бақылаусыз қалдыру алдынан алдымен құралдан
аккумуляторын шығарып алыңыз. Өткір пышақтар
аймағында әрекет етіп немесе жұмыс істеп
жүргеніңізде әрқашан арнайы бақ қолғапшаларын киіп
жүріңіз.
uЭлектр бұйымын тексеріп, тозып немесе бұзылып
кеткен бөлшектерін қауіпсіздік себептерінен
ауыстырыңыз.
uҚұралдың қауіпсіз түрде жұмыс істей алуын
қамтамасыз ете алу үшін оның сомындар, болттар
және бұрандамаларының барлығы нық түрде бекітіліп
қойылғанын тексеріп алыңыз.
uАуыстырылатын бөлшектері Bosch фирмасының
бұйымдары болғанына назар аударыңыз.
uҚұралды қолдану алдынан оның пышақ деңгегін
әрқашан күту бүріккіш спрэймен майлап өңдеңіз.
Белгілер
Төмендегі белгілер қолдану нұсқаулығын оқу және түсіну
үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағынасын есте
сақтаңыз. Белгілерді дұрыс түсіну құралды дұрыс әрі
одан да сенімдірек түрде пайдалануға көмек болады.
Белгі Мағына
Қозғалыс бағыты
Реакция бағыты
Іске қосу
Өшіру
Қосымша бөлшектер/Қосалқы
бөлшектер
Бұйым сипаттамасы мен
техникалық спецификациясы
Қауіпсіздік бойынша нұсқаулары мен
сақтандырулардың барлығын оқыңыз.
Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтары мен
сақтандыруларын ұстанбау не орындамау
F 016 L94 469 | (12.07.2022) Bosch Power Tools
Добавить комментарий