
Қазақ | 163
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз)
uАралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Қосқұлақты сомынды (18) босатыңыз. Кесу тереңдгі аса
терең болмауы үшін электр құрылғысын негізгі тақтадан
(7) тартып шығарыңыз, кесу тереңдігі үлкен болуы керек
болса, электр құрылғысын негізгі тақтаға (7) қарай
итеріңіз. Кесу тереңдігі шкаласының (19) қажетті
деңгейін орнатыңыз. Қосқұлақты сомынды (18) қайта
бекітіңіз.
Кесу тереңдігін орнатқан кезде, (32) анықтамалық
белгісін ((19) кесу шкаласы тереңдігі жағындағы)
пайдаланыңыз.
Бағыт бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (13) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Қатпарлы бұрандаманы (10) босатыңыз. Араны бұраңыз.
Қажетті өлшемді (9) шкаласында орнатыңыз. Құлақты
бұрғыны (10) қайта берік бекітіңіз.
Конус бұрышын орнатқан кезе, (28) анықтамалық
белгісін (кронштейннің үстінде) пайдаланыңыз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (19) көрсетілген саннан кем.
Кесу белгілері (F суретін қараңыз)
0° кесу белгісі (12) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау
дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (11) 45°-
бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін
көрсетеді.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды енгізу
Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне
тірелгенше енгізіңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (3) басып кейін қосқыш/өшіргішті (4) басып
ұстап тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (4)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (4)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Жүріс тежегіші
Кіріктірме жүріс тежегіші электр құралы өшкеннен соң
ара полотносын тоқтау уақытын қысқартады.
Температураны бақылау/артқы жүктеу қорғанысы
индикаторы
Қызыл жарық диодты индикатор (17) аккумуляторды
қатты қызып кетуден және моторға артық жүктеме
түсуден қорғайды.
Жарық диодты индикатор (17) тұрақты түрде қызыл
түсте жанып тұрса, ist аккумулятор температурасы тым
жоғары көтерілген, электр құрылғысы автоматты түрде
өшіп қалады.
– Электр құралды өшіріңіз.
– Жұмысты жалғастырудан алдын аккумуляторды
суытыңыз.
Жарық диодты индикатор (17) қызыл түсте жанса,
электр құрылғысы блокталып, автоматты түрде өшеді.
Электр құралын аспаптан тартып алыңыз.
Блокталу жойыллғаннан соң электр құралы жұмысын
жалғастырады.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді
қорғау (ECP) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Жарық диодтық жұмыс шырағын қосу
Шам (27) қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын (4) сәл
немесе толық басқанда жанып, жарықтығы төмен жұмыс
аймағын жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Пайдалану нұсқаулары
uАккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді.
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға
байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 4L6 | (24.02.2021)
Добавить комментарий