
68 | Қазақ
Тегістеу дискін тегістеу пластинасында орнату/
алмастыру
Ажарлау пластинасы(10) жабысқақ матамен
жабдықталған, осылайша ажарлағыш дискілерді жапсыру
арқылы жылдам және оңай бекітуге болады.
Оңтайлы ұстап тұруды қамтамасыз ету үшін ажарлау
пластинасының(10) жабысқақ матасын ажарлағыш
дискіні(11) орнатудан бұрын қағып шығарыңыз.
Ажарлағыш дискіні(11) ажарлау пластинасының(10) бір
шетіне қойыңыз, содан кейін ажарлағыш дискіні ажарлау
пластинасына орнатып, қатты басыңыз.
Оңтайлы шаң соруды қамтамасыз ету үшін ажарлағыш
дискідегі ойықтардың ажарлау пластинасының
ойықтарына сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
Ажарлағыш дискіні(11) алып тастау үшін оны ұшынан
ұстап, ажарлау пластинасынан(10) шығарыңыз.
Bosch ұсынатын керек-жарақтар ассортименті арасынан
Delta 93 мм сериялы барлық ажарлағыш дискілерді,
жылтыратқыш және тазалағыш таспаларды
пайдалануыңызға болады.
Тоқымасыз/жылтыратқыш киіз сияқты ажарлау керек-
жарақтары да осы әдіспен ажарлау пластинасына
бекітіледі.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсоруды қосу (C суретін қараңыз)
Шаңсору (18) тек қана тегістеу пластинасымен (10)
жұмыс істеуге арналған, басқа алмалы-салмалы
аспаптармен істеу пайдасы болмайды.
Тегістеу үшін әрдайым шаңсоруды қосыңыз.
Шаңсорғышты (18) орнату (керек-жарақтар) үшін
алмалы-салмалы аспапты және тереңдік шектегіші (12)
алып қойыңыз.
Шаңсорғышты (18) трелгенше аспап қысқышы арқылы
(8) электр құрылының қысқыш мойныға жылжытыңыз.
Шаңсорғышты керекті күйге бұраңыз (электр құралының
астына емес). Қысқыш тұтқышты(19) шаңсоруды бекіту
үшін басыңыз.
Сору адаптерін(16) (керек-жарақ) сорғыш шлангіге(15)
(керек-жарақ), шерту дыбысымен тірелетіндей, енгізіңіз.
Сору адаптерін(16) аспирациялық келте құбырмен(17)
және сорғыш шлангіні(15) шаңсорғышпен (керек-
жарақ) байланыстырыңыз.
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу/өшіру
uҚолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті (2) алға
жылжытып қосқышты "І" көзге түсетін қылыңыз.
Электрондық бір қалыпты іске қосу айналымдар санын
шектеп қозғалтқыш мерзімін ұзартады.
Электроника бос жүрістегі және жүктеме кезіндегі
тербелу санын тұрақты дерлік ұстайды және біркелкі
өнімділікті қамтамасыз етеді.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (2) "0"
қосқышы көрінгенше артқа жылжытыңыз.
180° жарық таспасы (7) тікелей жұмыс аймағында көру
мүмкіндігін жақсартады. Ол электр құралмен бірге
автоматты қосылады және өшіріледі.
uЖұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді
зақымдауы мүмкін.
Тербелу санын таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (4) қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Ағаш немесе метал сияқты қатты материалдарды аралау,
ажырату және тегістеу үшін "6" тербелу саны басқышы,
ал пластмасса сияқты жұмсақ материалдар үшін "4"
тербелу саны басқышы ұсынылады.
Пайдалану нұсқаулары
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uЭлектр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
1 609 92A 67U | (04.03.2021) Bosch Power Tools
Добавить комментарий