
Қазақ | 65
Шаңсорғышты (16) трелгенше аспап қысқышы арқылы
(7) электр құрылының қысқыш мойныға жылжытыңыз.
Шаңсорғышты керекті күйге бұраңыз (электр құралының
астына емес). Қысқыш тұтқышты(17) шаңсоруды бекіту
үшін басыңыз.
Сору адаптерін(14) (керек-жарақ) сорғыш шлангіге(13)
(керек-жарақ), шерту дыбысымен тірелетіндей, енгізіңіз.
Сору адаптерін(14) аспирациялық келте құбырмен(15)
және сорғыш шлангіні(13) шаңсорғышпен (керек-
жарақ) байланыстырыңыз.
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу/өшіру
uҚолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті (2) алға
жылжытып қосқышты "І" көзге түсетін қылыңыз.
Электрондық бір қалыпты іске қосу айналымдар санын
шектеп қозғалтқыш мерзімін ұзартады.
Электроника бос жүрістегі және жүктеме кезіндегі
тербелу санын тұрақты дерлік ұстайды және біркелкі
өнімділікті қамтамасыз етеді.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (2) "0"
қосқышы көрінгенше артқа жылжытыңыз.
Тербелу санын таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (3) қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Ағаш немесе метал сияқты қатты материалдарды аралау,
ажырату және тегістеу үшін "6" тербелу саны басқышы,
ал пластмасса сияқты жұмсақ материалдар үшін "4"
тербелу саны басқышы ұсынылады.
Пайдалану нұсқаулары
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uЭлектр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
Нұсқау: Электр құралының желдеткіш саңылауын (4)
жұмыс істеу кезінде жаппаңыз, әйтпесе электр
құралының пайдалану мерзімі қысқарады.
Жұмыс ережелері
Тербелтетін жетек арқылы алмалы-салмалы аспап
минутына 20000 реттей 2,8° тербеледі. Бұл қолайсыз,
тар жерде де жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Жай және бір қалыпты қысыммен
жұмыс істеңіз, әйтпесе жұмыс өнімділігі
төмендеп, алмалы-салмалы аспап
сыналанып қалады.
Электр құралын жұмыс істеу кезінде
жан-жаққа жылжытыңыз, сонда
алмалы-салмалы аспап қызбайды,
сыналанбайды.
Аралау
uБұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз.
Кисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы,
кесікті зақымдауы немесе кері соғуды тудыруы
мүмкін.
uЖеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде
материал өндірушісінің нұсқаулықтары мен
ұсыныстарын орындаңыз.
uҚол арасымен тек ағаш, гипсокартон т.б. сияқты
жұмсақ материалдарды өңдеуге болады!
HCS ара полотноларымен ағаш, ЖАТ, құрылыс
материалдарын т.б. аралаудан алдын шеге, бұранда т.б.
сияқты бөгде денелердің жоқтығын тексеріңіз. Қажет
болса бөгде денелерді алып тастаңыз немесе биметалды
ара полотноларын пайдаланыңыз.
Кесу
Нұсқау: Қабырға плиткаларын кесу барысында алмалы-
салмалы аспаптар ұзақ пайдаланудан да тозатындығын
есте сақтаңыз.
Ажарлау
Көшіру деңгейі және тегістелген бет сапасы тегістеу
дискін таңдау, таңдалған тербелулер саны және басу күші
арқылы реттеледі.
Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол
арқылы электр құралын сақтауға болады.
Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін
бірқалыпты басуға талпыныңыз.
Өте қатты басу электр құралы мен тегістеу дискінің тез
тозуын тудырады.
Бұрыш, қыр және әрең жететін жайларды нақты тегістеу
үшін тегістеу пластинасының ұшын немесе қырын
пайдалану керек.
Нүктелі тегістеуде диск қатты қызып кетуі мүмкін.
Тербелу саны мен қысымды азайтып тегістеу дискін
жүйелі түрде суытыңыз.
Металл өңдеген тегістеу дискін басқа материалдар үшін
пайдаланбаңыз.
Тек түпнұсқа Bosch ажарлағыш керек-жарақтарын
пайдаланыңыз.
Тегістеу үшін әрдайым шаңсоруды қосыңыз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 676 | (02.02.2021)
Добавить комментарий