
40 | Қазақ
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал жоғары өнімділікпен құрғақ беттерді
тегістеуге, ағашты, пластикті, металды, сылақты және
лакталған беттерді алуға арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Қосымша тұтқа (беті оқшауландырылған)
(2) Тегістеу таспасы a)
(3) Тегістеу төсеміне арналған қысу иінтірегі
(4) Таспа жылдамдығын таңдау параметрін
орнату (PBS75AE)
(5) Қосқыш/өшіргіш
(6) Шаң жәшігі бүтін (микрофильтр жүйесі)
(7) Ажыратқыштың реттеу түймесі
(8) Тұтқа (беті оқшауланған)
(9) Сору адаптері
(10) Сору құбыры
(11) Шаңжинағышқа арналған бекіту иінтірегі
(12) Сүзгі элементі (микрофильтр жүйесі)
(13) Таспа жүрісін тегістеу бұрандасы
(14) Қорғағыш қаптама
(15) Шаңбұрғыш
a) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Ленталық тегістеу машинасы PBS 75 A PBS 75 AE
Өнім нөмірі 3 603 BA1 0.. 3 603 BA1 1..
Номиналды тұтынылатын қуат Вт 710 750
Таспаның бос жүріс күйіндегі жылдамдығы м/мин 350 200–350
Ажарлағыш таспа ұзындығы мм 533 533
Ажарлағыш таспа ені мм 75 75
Таспа жылдамдығын алдын ала таңдау – ●
Жеке/сыртқы шаңсорғышты қосу ● ●
Салмағы EPTA-Procedure 01:2014
құжатына сай кг 3,4 3,5
Қорғаныс класы / II / II
Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
Шуыл және діріл туралы ақпарат
EN62841‑2‑4 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының
көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл
деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым
деңгейі93дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі104дБ(А). K
дәлсіздігі=3дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық
қосындысы) және K дәлсіздігі,EN62841‑2‑4 бойынша
есептелген:
ah=3,5м/с2, K=1,5м/с2.
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
1 609 92A 4D7 | (18.02.2021) Bosch Power Tools
Добавить комментарий