
Қазақ | 215
Реттегіш күйі Бос жүріс
күйіндегі айналу
жиілігі [мин-1]
Бос жүріс
күйіндегі айналу
жиілігі [мин-1]
GWX 13-125 S /
17-125 S /
19-125 S
GWX 17-125 T
1 2800 2800
2 4500 4100
3 6300 5400
4 8200 6700
5 9800 8000
6 11500 9300
uЖұмыс құралы айналымдарының ұйғарынды саны
электр·құралында·көрсетілген максималды
айналымдар санына ·тең·болуы·керек. Есептелген
жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар
сынуы, ұшып кетуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулары
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uТірек қабырғаларда ойықтар жасағанда
абайлаңыз, «Статика туралы нұсқаулар» тарауын
қараңыз.
uСалмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
дайындаманы бекітіңіз.
uЭлектр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
uЖоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
uЭлектр құралды абразивті-кесу станинада
пайдаланбаңыз.
uТегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Сыдырып тегістеу
uЕшқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
пайдаланбаңыз.
30° - 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде
ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды
жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде
дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және
арналар пайда болмайды.
Желпуіш тәрізді ажарлау шеңбері
Желпуіш тәрізді ажарлау шеңберімен (құрал) бірге дөңес
беттерді және профильдерді де өңдеуге болады. Желпуіш
тәрізді ажарлау шеңберлері әдеттегі ажарлау
шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді,
азырақ шу шығарады және ажарлау температурасы
азырақ болады.
Металды кесу
uБайланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы
пайдаланыңыз (9).
Ажарлау шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.
Электр құралын әрқашан
айналу бағытына қарсы
жүргізу керек. Әйтпесе
бақылаусыз кесілген
жерден шығу қаупі
туындайды.
Профильдерді немесе
төрт қырлы құбырларды
кесу кезінде кесуді ең аз
көлденең қимада
бастаңыз.
Тасты кесу
uТасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
uШаңтұтқыш маскасын киіңіз.
uБұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу
үшін пайдалануға болады.
Тасты кесу үшін алмас кесу дискілерін пайдаланған жөн.
Бағыттауыштар бар қорғағыш қаптаманы (18) пайдалану
үшін тас шаңын сорып алу үшін шаңсорғышты пайдалану
керек. Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.
Электр құралды өшіріңіз
және бағыттауыштардың
алдыңғы бөлігімен
бөлшекке орнатыңыз.
Электр құралды біркелкі,
материалға сәйкес
берумен жылжытыңыз.
Құрамында қиыршық тас
өте көп аса қатты
материалдарды, мысалы,
бетонды, өңдеу кезінде алмас шеңбер қызып кетуі және
зақымдалуы мүмкін. Алмас шеңбердегі ұшқындар осыны
білдіреді.
Бұл жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас шеңберді
бос жүрісте, ең жоғары жылдамдықта қысқа уақыт бойы
салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және ұшқындар
алмас кесу шеңбері өтпес болып қалғанын білдіреді. Оны
абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште,
қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.
Статика туралы нұсқаулар
Тірек қабырғалардағы ойықтарға DIN1053
нормасының1 тармағы немесе сәйкес елдегі ереже
қолданылады. Бұл нұсқауларды міндетті түрде орындау
керек. Жұмысты бастамас бұрын статика жөніндегі
маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен кеңесіңіз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 5WK | (25.08.2020)
Добавить комментарий