
206 | Қазақ
uҚорғағыш қаптаманы (7)оператордың жағына
қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
орнатыңыз.
Нұсқау: қорғайтын қаптамадағы кодтау жұдырықшалары
(7) тек электр құралына жарайтын жабдықты орнатуды
қамтамасыз етеді.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
uБайланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы
пайдаланыңыз (14).
uТасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
Қорғағыш қаптама (14) сонымен бірге тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама (7) ретінд де орнатылады.
Қосымша тұтқа
uЭлектр құралыңызды тек қосымша тұтқа менен
пайдаланыңыз (3).
Қосымша тұтқаны (3) редукторлық бастың оң жағында
немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Қол қорғағышы
uРезеңкелі ажарлау тәрелкесімен (17) немесе
тостаған тәрізді қылшық/дискілі қылшық/желпуіш
тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын (16) кийіңіз.
Қол қорғағышын (16) қосымша тұтқа (3) көмегімен
бекітіңіз.
Ажарлауыш құралдарын орнату
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uТегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін (6) және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін
шпиндельді бекіту түймесін (1) басып, шпиндельді
бекітіңіз.
uШпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау
диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда, алмасты
кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр
құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын
қадағалаңыз (редуктор бастиегіндегі көрсеткіні қараңыз).
Орнату реттілігі графикалық бетте көрсетілген.
Ажарлау/кесу дискісін бекіту үшін (11) қысқыш сомынын
бұрап шығарып (4)/(5) бөлімін қараңыз"Тез қысқыш
гайка".
uТегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы
қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге
үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
M 14 ажарлау шпинделіне арналған тірек
фланеці: тірек фланецінде (9) ортаға
келтіретін түйіннің айналасына пластик бөлік
(тығыздауыш сақина) енгізілген.
Тығыздауыш сақина жоқ немесе
зақымдалған болса, тірек фланецін (9) ары қарай
пайдаланбай тұрып, міндетті түрде ауыстыру керек.
M 10 ажарлау шпинделіне арналған тірек фланеці:
тірек фланецін екі жағынан да пайдалануға болады.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
uЖелпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар
үшін әрқашан қол қорғағышын(16) кийіңіз.
Резеңке тегістеу тәрелкесі
uРезеңке тегістеу тәрелкесімен (17) жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын (16)киіңіз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Дөңгелек гайканы (19) орнатыңыз және құрама гайка
кілтімен (4)/(5) тартыңыз.
Тостаған тәрізді қылшық/дискілік қылшық
uТостсаған тәрізді қылшықпен жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын (16) киіңіз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Тостаған тәрізді қылшақ/дискілік қылшақты шпиндельге
шпиндель фланеці шпиндель ирек оймасына тығыз
тақалып тұратындай бұрап бекіту керек. Айыр тәрізді
кілтпен тостаған тәрізді/дискілік қалшықты бекемдеңіз.
Тез қысқыш гайка
Құралдарды пайдаланусыз ажарлау құралын оңай
ауыстыру үшін қысқыш гайканың (11) орнына тез
қысқыш гайканы (12) пайдалануға болады.
uТез қысыш сомынды (12) тек ажаралу немесе кесу
шеңберімен пайдалану мүмкін.
Бұзылмаған мінсіз тез қысқыш гайкасын
пайдаланыңыз (12).
Бұрап қоюда жылдам қысу сомынының жазылған
жағы (12) ажарлау дискісіне көрсетпеуіне көз
жеткізіңіз; бағыттама индекстік белгіге (23) көрсетуі
тиіс суретін қараңыз.
1 609 92A 6KK | (07.06.2021) Bosch Power Tools
Добавить комментарий