
196 | Қазақ
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
Қайта қосылудан қорғаныс
(GWS22-180JH / GWS22-230JH / GWS24-180JH /
GWS24-230JH / GWS26-180JH / GWS26-230JH)
Қайта қосылудан қорғағыш қуаттандырудан кейін электр
құралының бақылаусыз іске қосылуын болдырмайды.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (2) өшірілген күйге
келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Іске қосу тогының шектеулері
(GWS22-180JH / GWS22-230JH / GWS24-180JH /
GWS24-230JH / GWS26-180JH / GWS26-230JH)
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Нұсқау: электр құралы қосудан кейін бірден толық
айналымдар санымен айналса, онда бұл іске қосу тогын
шектеудің және қайтадан қосылудан қорғаудың істен
шыққанын білдіреді. Электр құралын бірден сервистік
қызметке жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға
қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан
қараңыз.
Пайдалану нұсқаулары
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uТірек қабырғаларда ойықтар жасағанда
абайлаңыз, «Статика туралы нұсқаулар» тарауын
қараңыз.
uСалмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
дайындаманы бекітіңіз.
uЭлектр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
uЖоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
uЭлектр құралды абразивті-кесу станинада
пайдаланбаңыз.
Нұсқау: Пайдаланбағанда желі айырын розеткадан
шығарыңыз. Электр құралында желі айыры қосулы
болып желіде кернеу барысында өшірулі болғанда да
аздап тоқ тұтынады.
uТегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Сыдырып тегістеу
uЕшқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
пайдаланбаңыз.
30° - 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде
ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды
жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде
дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және
арналар пайда болмайды.
Желпуіш тәрізді ажарлау шеңбері
Желпуіш тәрізді ажарлау шеңберімен (құрал) бірге дөңес
беттерді және профильдерді де өңдеуге болады. Желпуіш
тәрізді ажарлау шеңберлері әдеттегі ажарлау
шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді,
азырақ шу шығарады және ажарлау температурасы
азырақ болады.
Металды кесу
uБайланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы
пайдаланыңыз (13).
Ажарлау шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.
Электр құралын әрқашан
айналу бағытына қарсы
жүргізу керек. Әйтпесе
бақылаусыз кесілген
жерден шығу қаупі
туындайды.
Профильдерді немесе
төрт қырлы құбырларды
кесу кезінде кесуді ең аз
көлденең қимада
бастаңыз.
Тасты кесу
uТасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
uШаңтұтқыш маскасын киіңіз.
uБұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу
үшін пайдалануға болады.
Тасты кесу үшін алмас кесу дискілерін пайдаланған жөн.
Бағыттауыштар бар қорғағыш қаптаманы (21) пайдалану
үшін тас шаңын сорып алу үшін шаңсорғышты пайдалану
керек. Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.
Электр құралды өшіріңіз
және бағыттауыштардың
алдыңғы бөлігімен
бөлшекке орнатыңыз.
Электр құралды біркелкі,
материалға сәйкес
берумен жылжытыңыз.
Құрамында қиыршық тас
өте көп аса қатты
материалдарды, мысалы,
бетонды, өңдеу кезінде алмас шеңбер қызып кетуі және
зақымдалуы мүмкін. Алмас шеңбердегі ұшқындар осыны
білдіреді.
Бұл жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас шеңберді
бос жүрісте, ең жоғары жылдамдықта қысқа уақыт бойы
салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және ұшқындар
алмас кесу шеңбері өтпес болып қалғанын білдіреді. Оны
абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште,
қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.
1 609 92A 6K8 | (03.12.2021) Bosch Power Tools
Добавить комментарий