
Қазақ | 117
Жарылудан сақтайтын пластина
(Cсуретінқараңыз)
Жарылудан сақтайтын пластина (13) (керек-жарақтар)
ағаш аралауда беттің жарылып кетуінен сақтауы мүмкін.
Жарылудан сақтайтын пластинаны тек арнайы аралау
дискі түрлерінде және 0° кесік бұрышында пайдалану
тиіс. Тіреу тақтасын (5) жарылудан сақтайтын
пластинамен аралауда қырға жақын аралауда артқа
жылжыту мүмкін емес.
Жарылудан сақтайтын пластинаны (13) төменнен тіреу
тақтасына (5) басыңыз (суретте көрсетілгендей
ойығымен жоғарыға).
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын,
аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін
материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (6) тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
0деңгейі тербеліс жоқ
Iдеңгей кіші тербеліс
IIдеңгей орташа тербеліс
IIIдеңгей үлкен тербеліс
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс деңгейін тәжірибе
әдісімен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды
ескеріңіз:
– Кесік жиек қаншалықты жұқа әрі таза болуы қажет
болса, тербеліс деңгейін соншалықты төмен таңдаңыз
немесе тербелісті толығымен өшіріңіз.
– Жұқа заттектерді (мысалы, металды) өңдегенде
тербелісті өшіріңіз.
– Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші
тербелісті реттеңіз.
– Жұмсақ материалдарда және ағашты аралаған кезде
максималды тербеліспен жұмыс істеуге болады.
Еңіс бұрышын реттеу (Dсуретінқараңыз)
Тіреуіш тақта (5) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға
қырылуы мүмкін.
Жарылудан сақтайтын пластина (13) қисық аралауда
орнатылуы мүмкін емес.
– Жарылудан сақтайтын пластинаны (13) алып тастаңыз.
– Бұранданы (15) босатып, тіреу тақтасын (5) желілік
кабельге қарай азғантай жылжытыңыз.
– Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасының оң
және сол жағында 0° мен 45° бұрыштарда тірелу
нүктелері бар. Тіреу тақтасын (5) шкалаға (14) сәйкес
қажетті күйге қисайтыңыз. Басқа еңіс бұрышын бұрыш
өлшегіші арқылы реттеуге болады.
– Содан кейін тіреу тақтасын (5) ара дискісіне (8) қарай
тірелгенше жылжытыңыз.
– Бұранданы (15) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Тіреу тақтасын жылжыту (Dсуретін қараңыз)
Шетке жақын аралау үшін тіреуіш тақтаны (5) арқыға
жылжытуға болады.
Бұранданы (15) босатып, тіреу тақтасын (5) желілік
кабельге қарай тірелгенше жылжытыңыз.
(15) бұрандамасын қайта берік бұрап қойыңыз.
Жылжытылған тіреу тақтасында (5) тек 0° еңіс
бұрышында аралауға болады. Оған қоса жарылудан
сақтайтын пластинаны (13) пайдалануға болмайды.
Пайдалануға ендіру
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты
электр құралының зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтерге сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
uҚолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті (3)
басыңыз.
Қосқыш/өшіргішті бекіту үшін (3) оны қысып ұстап
ысырманы (1) оңға немесе солға жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (3)
жіберіңіз. Қосқыш/өшіргіш (3) бұғатталған болса оны
алдымен басып сосын жіберіңіз.
Жүріс санын басқару/алдын ала таңдау
Қосқышты/өшіргішті (3) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге
болады.
Bosch Power Tools 1 609 92A 863 | (21.11.2022)
Добавить комментарий