
Қазақ | 89
Мақсаты бойынша қолдану
Электр құралы бетон, кірпіш, тас және асфальт бойынша
қашау жұмыстарына және тиісті керек-жарақтармен бірге
қағып кіргізуге және тығыздауға арналған.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері
графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне
қатысты болып келеді.
(1) Шаңнан қорғайтын қаптама
(2) Құлыптау төлкесі
(3) Қашауды жылжыту ауыстырып-қосқышы (Vario-
Lock)
(4) Ажыратқышқа арналған бекіту түймесі
(5) Ажыратқыш
(6) Қосымша тұтқа (беті оқшауланған)
(7) Тұтқа (беті оқшауланған)
Техникалық мәліметтер
Перфоратор GSH 5
GSH 501
Өнім нөмірі 3611C370..
Номиналды тұтынылатын
қуат Вт 1100
Соққы саны мин–1 2850
EPTA-Procedure 05:2016
құжатына сай бір соққы
күші
Дж 7,5
Құрал бекіткіші SDS max
Майлау Орталық үздіксіз
майлау
Салмағы EPTA-Procedure
01:2014 құжатына сай кг 5,5
Қорғаныс класы / II
Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу
және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
Шуыл және діріл туралы ақпарат
ENIEC62841-2-6 бойынша есептелген шуыл
эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл
деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым
деңгейі 89дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 100дБ(А). K
дәлсіздігі=3дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық
қосындысы) және K дәлсіздігі,
ENIEC62841-2-6 бойынша есептелген:
Қашау: ah=13,0м/с2, K=1,5м/с2
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Монтаждау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Құралды алмастыру
SDS-max құрал бекіткішінің көмегімен алмалы-салмалы
аспапты қосымша құралдарды пайдаланбай оңай және
тез алмастыруға болады.
Шаңнан қорғайтын қаптама (1) жұмыс кезінде бұрғылау
шаңының құрал бекіткішіне кіріп кетуіне жол бермейді.
Құралды орнату кезінде шаңнан қорғайтын қаптаманың
(1) зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
uЗақымдалған шаңнан қорғайтын қаптаманы дереу
алмастыру керек. Бұл жұмысты қызмет көрсету
орталығында орындауға кеңес беріледі.
Алмалы-салмалы аспапты орнату(Aсуретінқараңыз)
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 8A5 | (29.11.2022)
Добавить комментарий