
88 | Қазақ
пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды
пайдаланбауы тиіс.
Электр құралдарын пайдалану және күту
uҚұралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
uАжыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
uЖабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында,
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе
аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр
құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр
құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
uПайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
uЭлектр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты
күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз
істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр
құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған бөлшектері бар құралды
пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр
құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға
себеп болып жатады.
uКескіш аспаптарды өткір және таза күйде
сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір
кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай
бағытталады.
uЭлектр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
uҚолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
uЭлектр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Балғаға арналған қауіпсіздік техникасының
нұсқаулары
Барлық операцияларға арналған қауіпсіздік
техникасының нұсқаулары
uҚұлақ қорғағыштарын кийіңіз. Шуылда тұру есті
қабілетінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
uҚосымша тұтқа(лар) пайдаланыңыз, егер аспаппен
берілген болса. Бақылауды жоғалту жеке
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
uКесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе
өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде
электр құрылы оқшауланған ұстау жайынан
ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе
электр құралының метал бөлшектерін істетіп
пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасының қосымша нұсқаулары
uҚажетті іздеу құралдарын пайдаланып
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
uЭлектр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
uДайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
uЖұмыс аяқталғаннан кейін алмалы-салмалы
аспаптарды немесе іргелес корпус бөлшектерін
бірден ұстамаңыз. Олар жұмыс барысында қатты
қызуы және адамды күйдіруі мүмкін.
uҚашаумен бөлшектеу жұмыстарын өткізген кезде
сақ болыңыз. Бөлшектенетін материалдың құлаған
бөліктері айналадағы адамдарға немесе өзіңізге
жарақат тигізуі мүмкін.
uЭлектр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
1 609 92A 8A5 | (29.11.2022) Bosch Power Tools
Добавить комментарий