
Қазақ | 97
Айналу жиілігін/соққы санын реттеу
Тұрақты электроника алдын ала таңдалған айналу жиілігі
мен соққы санын бос жүріс пен жүктеме астындағы
жұмыс күйлерінің арасында тұрақты түрде сақтайды.
Реттеу электроникасы материалға тән жұмысқа арналған
айналу жиілігі мен соққы санын біркелкі алдын ала
таңдауға мүмкіндік береді.
Айналу жиілігін айналмалы реттегіштің(7) көмегімен
материалға сәйкес таңдаңыз.
Желілік ашаны розеткаға салған кезде немесе қуат беру
үзілісінен кейін реттеу электроникасы автоматты түрде ең
жоғары айналу жиілігі мен соққы санын орнатады.
Осылайша айналмалы реттегіштің(7) төмен алдын ала
реттеуіне байланысты оңтайлы қуатпен жұмыс істемеу
жағдайына жол берілмейді.
Төмендегі кестеде ұсынылған мәндер берілген.
Қолданылуы Айналмалы
реттегіш
күйі (7)
Сылақты/жеңіл құрылыс материалын
өңдеу
Плитканы ажырату
Кірпіш өңдеу
Бетон өңдеу
Қашау күйін өзгерту (Vario Lock)
Қашауды 12 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы
жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
– Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
– Қашауды реттегіш сақинаны (3) алға қарай
жылжытып, қашауды реттегіш сақинаның (3)
көмегімен қашауды қажетті күйге бұраңыз.
– Қашауды реттегіш сақинаны (3) жіберіп, қашауды
тірелгенше бұраңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Дірілді басу
Кіріктірілген дірілді басу функциясы дірілді
азайтады.
uДемпфер зақымдалған жағдайда электр құралын
пайдаланушы болмаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uЖақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
uЗақымдалған шаңнан қорғайтын қаптаманы дереу
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
орталығында орындауға кеңес беріледі.
Электр құралын майлау
Электр құралы майланған және әлдеқашан пайдалануға
дайын.
Май алмастыруды тек техникалық қызмет көрсету немесе
жөндеу кезінде Bosch электр құралдарының өкілетті
қызмет көрсету орталығында өткізуге талап етіледі. Тек
тиісті Bosch жағармайын пайдаланыңыз.
Көмір қылшақтарын әр алмастырған сайын жағармайды
алмастыру қажет болады. Жаңа жағармайды жақпас
бұрын ескі жағармайды кетіру қажет.
Қызметтік индикатор
Сырғанайтын контакт тозған болса, электр құралы өзі
өшеді. Бұл жағдай шамамен 8 сағат бұрын қызметтік
индикатордың (8) жануы немесе жылтылдауы арқылы
көрсетіледі.
Электр құралын қызмет көрсету орталығына техникалық
қызмет көрсетуге жіберу керек. Мекенжайлар: (қараңыз
„Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері“,
Бет98)
Күту режимінің индикаторы
Желілік аша жалғанған және желілік кернеу бар болған
кезде, күту режимінің индикаторы(9) жануы тиіс.
Егер электр құралы күту режимі индикаторының(9)
жанып тұрған күйінде қосылмаса, оны қызмет көрсету
орталығына жіберу қажет. Мекенжайлар: (қараңыз
„Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері“,
Бет98)
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Bosch Power Tools 1 609 92A 744 | (07.11.2022)
Добавить комментарий