
102 | Қазақ
Шуыл және діріл туралы ақпарат
GSH 16-28 GSH 16-30
ENIEC62841-2-6 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады:
Дыбыстық қысым деңгейі дБ(A) 93 93
Дыбыстық қуат деңгейі дБ(A) 104 104
Kдәлсіздігі дБ 2 2
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық қосындысы) және Kдәлсіздігі,ENIEC62841-2-6 бойынша
есептелген:
Қашау:
ahм/с212,3 12,4
K м/с21,5 1,5
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Монтаждау
Тұтқа
Тұтқаны (3) кез келген күйге бұруға болады. Кедір-
бұдырланған гайканы(4) босатып, тұтқаны (3) құрылғы
білігінің үстінен қажетті күйге бұраңыз да, кедір-
бұдырланған гайканы (4) қайтадан тартыңыз.
Тұтқаны (3) қайта орнатуға болады. Кедір-бұдырланған
гайканы (4) толық бұрап шығарып, содан кейін алты
қырлы бұранданы жоғары қарай бұрап шығарыңыз.
Тұтқаны (3) бүйірге бұрап шығарып, қалған қысқыш
бөлігін 180° шамасына бұраңыз. Тұтқаны (3) кері реттілік
бойынша монтаждаңыз.
Құралды алмастыру (GSH 16-28)
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Құрал білігін (7) тазалап, аздап майлаңыз.
Қамытсыз алмалы-салмалы аспап (A – Bсуреттерін
қараңыз)
– Ұстағыш қамытты (6) шамамен 150° шамасына
жоғары қарай бұрап, алмалы-салмалы аспапты құрал
бекіткішіне (8) кіргізіңіз.
– Ұстағыш қамытты (6) төмен қаратып, алмалы-салмалы
аспапты бұғаттаңыз.
– Құралдың бекітілуін тартып тексеріңіз.
Қамыты бар алмалы-салмалы аспап (C – Dсуреттерін
қараңыз)
Қамытқа дейінгі салмалы ұзындығы 152мм (6 дюйм)
құрайтын алмалы-салмалы аспаптарды пайдалануға
болады.
– Ұстағыш қамытты (6) шамамен 180° шамасына
жоғары қарай бұрап, алмалы-салмалы аспапты құрал
бекіткішіне (8) кіргізіңіз.
– Ұстағыш қамытты (6) алмалы-салмалы аспапқа дейін
кері бұрап бұғаттаңыз. Қамыт (9) ұстағыш қамытпен
(6) ұсталуы тиіс.
– Құралдың бекітілуін тартып тексеріңіз.
Құралды алмастыру (GSH 16-30) (E–F
суреттерін қараңыз)
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
– Құрал білігін (7) тазалап, аздап майлаңыз.
– Бұғаттау болтын (5) тартып шығарып, оны 180°
шамасына сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Бұғаттау болтын 5 қайтадан кіргізіңіз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне (8)
тірелгенше енгізіңіз. Құрал білігінің ойығы (7) суретте
көрсетілгендей жоғары қарап тұруы керек.
– Бұғаттау болтын (5) тартып шығарырыңыз да, оны
180° шамасына сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Бұғаттау болтын (5) қайтадан кіргізіңіз.
1 609 92A 7U5 | (19.01.2023) Bosch Power Tools
Добавить комментарий