
Қазақ | 119
Қауіпсіздік техникасының қосымша нұсқаулары
uҚажетті іздеу құралдарын пайдаланып
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
uЭлектр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
uДайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
uЖұмыс аяқталғаннан кейін алмалы-салмалы
аспаптарды немесе іргелес корпус бөлшектерін
бірден ұстамаңыз. Олар жұмыс барысында қатты
қызуы және адамды күйдіруі мүмкін.
uАлмалы-салмалы аспап бұрғылау кезінде
бұғатталуы мүмкін. Тұрақтылық сақтаңыз және
электр құралын екі қолмен берік ұстаңыз. Әйтпесе
электр құралын бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз
мүмкін.
uҚашаумен бөлшектеу жұмыстарын өткізген кезде
сақ болыңыз. Бөлшектенетін материалдың құлаған
бөліктері айналадағы адамдарға немесе өзіңізге
жарақат тигізуі мүмкін.
uЭлектр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы бетон, кірпіш пен тасты перфоратормен
бұрғылауға және жеңіл қағу жұмыстарына арналған. Ол,
сондай-ақ ағаш, металл, керамика мен пластмассаны
бұрғылауға жарамды. Электрондық басқару құралы және
оңға/солға айналуы бар электр құралдары бұрауға да
жарамды.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау
патроныa)
(2) SDS-plus ауыстырмалы бұрғылау патроны
(3) SDS-plus құрал бекіткіші
(4) Шаңнан қорғайтын қаптама
(5) Құлыптау төлкесі
(6) Ауыстырмалы бұрғылау патронының бекіткіш
сақинасы
(7) Соққыны/айналуды тоқтату қосқышы
(8) Дірілді басу
(9) Ажыратқыш
(10) Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш
(11) Тереңдік шектегішін реттеу түймесі
(12) Қосымша тұтқа (беті оқшауланған)
(13) Тереңдік шектегіші
(14) Тұтқа (беті оқшауланған)
(15) Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау
патронының алдыңғы төлкесіa)
(16) Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау
патронының ұстағыш сақинасыa)
a) Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар
стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды.
Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар
бағдарламасынан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Перфоратор GBH 4-32 DFR
Өнім нөмірі 3611C321..
Номиналды тұтынылатын
қуат Вт 900
Айналу жиілігі мин-1 0–780
Соққы саны мин-1 0-3600
EPTA-Procedure 05:2016
құжатына сай бір соққы
күші
Дж 4,2
Құрал бекіткіші SDS-plus
Қашау реттеулері 12
Макс. саңылау диаметрі
– Бетон (спиральдік
бұрғымен) мм 32
– Кірпіш қалау (шеңберлік
бұрғылау
коронкасымен)
мм 90
– Болат мм 13
– Ағаш мм 32
Салмағы EPTA-Procedure
01:2014 құжатына сай кг 4,7
Қорғаныс класы / II
Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу
және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
Bosch Power Tools 1 609 92A 8AA | (20.09.2022)
Добавить комментарий