Bosch GBH 3-28 DRE

Данная инструкция на русском языке предназначена для перфоратора Bosch GBH 3-28 DRE, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для перфоратора представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
150 | Қазақ
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
GDE16 Plus (керек-жарақ) арқылы шаң сору
(XIсуретінқараңыз)
Шаң сору үшін GDE 16 Plus (керек-жарақ) қажет.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі тиіс.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Іске қосу
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Жұмыс режимін орнату
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/
айналуды тоқтату қосқышын (9) пайдаланыңыз.
Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (8)
басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (9)
қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Бетон немесе тас бойынша соққымен
бұрғылау күйі
Ағаш, металл, керамика және пластмасса
бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау
күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock
күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату
қосқышы(9) бекітілмейді.
Қашау күйі
Айналу бағытын реттеу
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (13) көмегімен
электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады.
Алайда ажыратқыш (7) басылғанда осы әрекетті орындау
мүмкін емес.
uАйналу бағытын ауыстырып-қосқышты(13) электр
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу
бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (13) тірелгенше оңға қарай басыңыз.
Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (13) тірелгенше солға қарай басыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін қосу/өшіру ауыстырып-
қосқышын (7) басыңыз.
Өшіру үшін ажыратқышты(7) жіберіңіз.
Айналу жиілігін/соққы санын реттеу
Ажыратқышты (7) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналу жиілігін/соққы санын біртіндеп
реттеуге болады.
Ажыратқышты (7) сәл басу төмен айналу жиілігін/соққы
санын қосады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/соққы
саны ұлғаяды.
Кескіш қалпын өзгерту (Vario-Lock)
Қашауды 36 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы
жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (9) "Vario-Lock"
күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне
бұраңыз.
Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (9) "Қашау"
күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші
бұғатталады.
Қашау үшін айналу бағытын оңға айналу күйіне
орнатыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Бұрғылау тереңдігін реттеу (J суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (11) қажетті бұрғылау
тереңдігінX реттеуге болады.
Тереңдікті шектеу тірегін орнату түймесін (10) басып,
тереңдікті шектеу тірегін қосымша тұтқаға (12)
орнатыңыз.
Тереңдік шектегішінің (11) бұдыр жағы төмен қарап
тұруы қажет.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын SDS-plus
аспапының ұстағышына (3) тірелгенше жылжытыңыз.
Кері жағдайда SDS-plus-аспабының жылжымалылығы
бұрғылау тереңдігіне қате орнатылуы мүмкін.
Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші
ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігінеX тең
болғанша тартыңыз.
1 609 92A 80Z | (04.07.2022) Bosch Power Tools
Страницы: Стр: 29
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Перфораторы Bosch