
84 | Қазақ
пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш
ажыратқышын пайдалану тоқ соғу қауібін төмендетеді.
uӘр пайдаланудан алдын шаңсорғышты, кабельді
және айырды тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз
шаңсорғышты пайдаланбаңыз. Шаңсорғышты
өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және
түпнұсқалы бөлшектермен жөндетіңіз.
Зақымдалған шаңсорғыш, кабель және айыр электр
тоғының соғу қаупін арттырады.
uКабельді баспаңыз немесе оны жаншып
тастамаңыз. Айырды розеткадан шығару немесе
шаңсорғышты жылжыту үшін кабельді тартпаңыз.
Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін
арттырады.
uҚұрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
uЖұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз
жеткізіңіз.
uШаңсорғышты тек білікті маманға және арнаулы
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы шаңсорғыш
қауіпсіздігін сақтайсыз.
uПайдалану алдында сорғыш шлангтың ақаусыз
болуына көз жеткізіңіз. Шаң таралмауы үшін
сорғыш шлангы шаңсорғышқа қосулы тұрсын.
Шаңды жұтып жіберу мүмкін.
uШаңсорғыш үстіне отырмаңыз. Шаңсорғышты
бұзуыңыз мүмкін.
uЖелі кабелін және сорғыш шлангын абайлап
пайдаланыңыз. Олардың өзге адамдарға зиян
келтіруі мүмкін.
uШаңсорғышты тікелей бағыттылған су ағынымен
тазаламаңыз. Шаңсорғыш жоғарғы бөлігінің ішіне су
кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады.
uШаңсорғышты тиісті тәртіппен жерге тұйықталған
ток желісіне жалғаңыз. Розетка мен ұзартқыш
кабельде ақаусыз қорғаныш сым болуы қажет.
uКүлді соруға болмайды. Ол үшін арнайы сорғышты
немесе тиісті жіктемеге ие сорғыш құрылғыларды
пайдаланыңыз.
Белгілер
Төмендегі белгілер шаңсорғышты пайдаланған кезде
маңызды болуы мүмкін. Белгілер мен олардың
мағынасын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну
пайдаланушыға шаңсорғышты дұрыс әрі сенімді
пайдалануға көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы
Автоматты түрде іске қосу/тоқтату
құрылғысы
Жұмыс істеп тұрған электр
құралдарынан түсетін шаңды сору
Белгілер мен олардың мағынасы
Сорғыш автоматты түрде қосылып,
біраз уақыттан кейін өшіп қалады
Өшіру
Сору
Жиналған шаңды сору
Жалғанған электр құралының рұқсат
етілген қосылым қуаты туралы
деректер (елге байланысты)
Өнім және қуат сипаттамасы
Мақсаты бойынша қолдану
Шаңсорғыш денсаулыққа зиянды емес және құрғақ
заттектерді соруға және сорып шығаруға арналған.
Шаңсорғыш тек үйде және тұрмыстық мақсатпен
пайдалануға арналған.
Сорғышты үздіксіз жұмыс режимі үшін пайдалануға
рұқсат етілмейді.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдас бөліктердің нөмірлері суреттері
бар беттердегі шаңсорғыштың сипаттамасына
негізделген.
(1) Сорғыш шланг ұстағышы
(2) Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш
(3) Кабель ұстағышы
(4) Электр құралына арналған розетка
(5) Тасымалдау тұтқасы
(6) Қуыс саптамасына/еден саптамасына арналған
ұстағыш
(7) Шланг бекіткіші
(8) Шаң жинағыш контейнерді құлыптан босату
түймесі
(9) Шаң жинағыш контейнер
(10) Сорғыш шланг
(11) Бүгілген саптамаa)
(12) Сору адаптері
(13) Қуыс саптамасы
(14) Еден саптамасы
(15) Батырма
(16) Байланыстырғыш фланец
(17) Шаң жинағыш контейнердің қақпағы
(18) Шаң жинағыш қап
(19) Шаң жинағыш қап ұстағышы
(20) Ауаны саңылаулар арқылы тарту тесігі
(21) Жеңдік сүзгі
(22) Жалпақ қабатты сүзгі
1 609 92A 7UR | (25.10.2022) Bosch Power Tools
Добавить комментарий