
42 | Қазақ
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қосалқы тұтқа (A суретін қараңыз)
uЭлектр құралыңызды тек қосалқы тұтқамен бірге
пайдаланыңыз (9).
Қауіпсіз және шаршатпайтын жұмыс қалпына қол жеткізу
үшін қосалқы тұтқаны (9) 12 күйге реттеуге болады.
Қосалқы тұтқаның (9) төменгі бөлігін ➊ бұрау бағытында
бұрап, қосалқы тұтқаны (9) қажетті күйге қайыруға
болатындай етіп алға жылжытыңыз. Содан кейін қосалқы
тұтқаны (9) қайта кері тартып, төменгі бөлігін ➋
бағытында қайта бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (A суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (10) қажетті бұрғылау тереңдігін
X реттеуге болады.
Қосымша тұтқаның (9) астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, тереңдік шектегішін (10)
орнатыңыз.
Тереңдік шектегішін (10), бұрғы ұштығы мен тереңдік
шектегіші (10) ұшының арасындағы қашықтық қажетті X
бұрғылау тереңдігіне сәйкес келетіндей, тартыңыз.
Содан кейін қосымша тұтқаның (9) астыңғы бөлігін сағат
тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Тереңдік шектегішінің (10) бұдыр жағы төмен қарап
тұруы қажет.
Жұмыс құралын ауыстыру
uАспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз.
Бұрғы патроны ұзақ уақытты жұмыс әдістерінде қатты
қызып кетуі мүмкін.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны (C
суретінқараңыз)
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын(4) құрал
енгізілгенше бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз.
Бұрғылау патронының кілтін(14) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронының(4) тиісті саңылауларына енгізіп,
құралды біркелкі етіп қысыңыз.
Жылдам қысқыш бұрғылау патроны (B
суретінқараңыз)
Жылдам қысқыш бұрғылау патронының (3) артқы
гильзасын (2) берік ұстап тұрыңыз және алдыңғы
гильзаны (1) құралды енгізу мүмкін болғанша ➊
бағытымен бұраңыз. Құралды орнатыңыз.
Жылдам қысқыш бұрғылау патронының(3) артқы
төлкесін(2) берік ұстап тұрыңыз және алдыңғы
төлкені(1) айналу бағытымен қолмен қатты бұраңыз.
Бұрауыш құралдар
Қондырма биталарды (12) пайдаланғанда әрқашан
әмбебап ұстағышты (13) пайдаланыңыз. Тек шуруп
басына жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.
Бұрап бекіту үшін "Бұрғылау/перфораторлық бұрғылау"
ауыстырып-қосқышын (5) әрдайым "Бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Бұрғылау патронын ауыстыру
uБұрғылау шпинделінің бекіткіші жоқ электр
құралдарында бұрғылау патронын өкілеттіBosch
электр құралдарының сервистік орталығында
ауыстыру қажет.
Бұрғылау патронын шамамен 30 – 35Нм
тарту моментімен бұрап бекіту қажет.
Пайдалану
Пайдалану нұсқаулары
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uЭлектр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу
керек.
Плиткаларды бұрғылау үшін ауыстырып-қосқышты (5)
"Бұрғылау“ белгісіне орнатыңыз. Плитканы тесіп
өткеннен соң аустырып-аустырып қосышты
„перфоратормен бұрағылау“белгісіне өткізіп соққымен
істеңіз.
Бетон, тас және құрылыста қатты метал бұрғысын
пайдаланыңыз.
1 609 92A 7ET | (03.03.2022) Bosch Power Tools
Добавить комментарий