
126 | Қазақ
Перфораторлық бұрғылау
құралы EasyImpact 12
Жұмыс кезіндегіC) және
сақтау кезіндегі рұқсат
етілген қоршаған орта
температурасы
°C –20...+50
Ұсынылатын
аккумуляторлар PBA 12V...
Ұсынылатын зарядтағыш
құрылғылар GAL 12...
A) 20−25°C температурасындаPBA 12V 2.5Ah
аккумуляторымен өлшенеді.
B) пайдаланған аккумуляторға байланысты
C) <0 °C температураларында қуаты шектелген
Шуыл және діріл туралы ақпарат
EN62841-2-1 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының
көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл
деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым
деңгейі 85дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 96дБ(А). K
дәлсіздігі=3дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық
қосындысы) және K дәлсіздігі,EN62841-2-1 бойынша
есептелген:
Металл бойынша бұрғылау: ah<2,5м/с2, K=1,5м/с2,
Бетон бойынша соққымен бұрғылау: ah=19м/с2,
K=1,5м/с2.
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
uАккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Аккумуляторды зарядтау (Aсуретін қараңыз)
uТек техникалық мәліметтерде жазылған
зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек
қана мұндай зарядтағыш құрылғылар электр
құралыңызда пайдаланылатын литий-иондық
аккумулятормен үйлесімді.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
uЭлектр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумуляторды (10) шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін (9) басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан төменге қарай шығарыңыз. Осы кезде күш
салмаңыз.
Құралды алмастыру (B суретін қараңыз)
uАспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптарға тию жарақаттану қаупін
туындатады.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронын (1) айналу
бағытында ➊ бұрау арқылы аспап орнатылғаныша
ашыңыз. Аспапты орнатыңыз.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронының (1) төлкесін
айналу бағытымен ➋ қолмен мықтап бекітіңіз. Бұрғылау
патроны автоматты түрде бекітіледі.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
1 609 92A 7WH | (03.06.2022) Bosch Power Tools
Добавить комментарий