
182 | Қазақ
Құрастырып орнатылуы мен
қолданылуы
Әрекет мақсаты Сурет Бет
Бейнеленген құрамды бөлшектер A286
Сату және жеткізу көлемі B287
Тасымалдау бекіткішін алып
тастау C287
Тұрқысын құрастыру D288
Тұтқасын орнату E288
Қорғаныш жабынын орнату F289
Аккумуляторды қуаттандыру
және енгізу G290
Қосу/өшіру H290
Шөп кесу тримеммері / жиек кесу
триммері арасында ауыстырып
қосу
I291
Жіп орауышын бөлектеп шығару J292
Жіпті жіп орауышына орау K292
Жіп орауышын құрастыру L293
Жіпті өткізіп тартыңыз M293
Күту, тазалау және сақтау N294
Құрамдас бөлшектері O295
Құрастырып орнату
uНазар аударыңыз: Құрастыру жұмыстарын орнату
алдынан алдымен бақ электр бұйымын өшіріп,
айырын электр розеткадан шығарыңыз.
Тұрқыны құрастырып орнату (C және D
суреттерін қараңыз)
Нұсқау: Құрастырып орнатылған тұрқы қайта бөлектене
алынбайды.
Тасымалдау бекіткішін (9) алып тастаңыз.
Тұрқының бөлек бөлшектерін сарт етіп естілгенше дейін
бір біріне жалғастырып құрастырыңыз.
Тұтқаны құрастырып орнату және реттеу (E
суретін қараңыз)
Құрал тұтқасы (1) түрлі позицияларға қойыла алынады.
Құрал тұтқасының реттелуін өзгерту үшін алдымен (7)
түймешіктерін басып, тұтқаны Өзіңіз қалаған тұрысына
дейін жылжытыңыз. Тұтқаны сарт еткізіп бекіту үшін (7)
түймешіктерін қайта босатып жіберіңіз.
Қорғаныш жапқышын құрастырып орнату (F
суретін қараңыз)
Қорғаныш жапқышын құрастырып орнату алдынан
алдымен өсімдіктерді қорғау қапсырмасын жеткізілім
позициясынан сақтау позициясына өзгертіп қойыңыз.
Қорғаныс қақпақшасын (8) триммердің бастиегіне
орнатып, сату және жеткізіп беру көлемінде болған
бұрандасымен бекітіп қойыңыз.
Қорғаныш жапқышы құрастырылып орнатылып
қойылса, оны қайта бөлшектеп шығаруға болмайды.
Одан кейін өсімдіктерді қорғау қапсырмасын жұмыс
позициясына қойыңыз.
Іске қосу
uНазар аударыңыз: Электрбұйымды тазалау және
реттеу жұмыстарын өткізу алдынан алдымен
электр бұйымды өшіріп, аккумуляторын шығарып
алыңыз.
uАккумулятормен жұмыс істейтін шөп кесу
триммерін өшіргеннен кейін оның кесу пышағы
бірнеше секунд бойы әлі жұмыс істей беріп
тұрады. Триммерді қайта қосу алдынан оның
қозғалтқышының/кесу жібінің толығымен
тоқталуына дейін күтіңіз.
uҚұралды тез ара ішінде қайта-қайта өшіріп қоса
бермеңіз.
uБош компаниясы арқылы рұқсат етілген кесу
бөлшектерін қолдануыңыз лазым. Басқа
шығарушылардың кесу бөлшектерін қолдануы
кесу нәтижелерінің басқаша болып шығуына апара
алады.
Аккумуляторды қуаттандыру
Аккумулятор, температура деңгейінің тек 0°C мен 35°C
арасында ғана қуаттандыруды мүмкін ететін температура
бақылаушы жүйесімен жабдықталған. Осының
арқысында аккумулятордың жұмыс уақыты ұзақ болуы
қамтамасыз етіледі.
Нұсқау: Құрал сатылып не жеткізіліп берілген кезде оның
аккумуляторы жартылай қуаттандырылған қалыпта
болады. Аккумулятор жұмысының толық көлемін
қамтамасыз ету үшін оны алғашқы рет пайдалану
алдынан алдымен толығымен қуаттандырып алыңыз.
Литий-иондық аккумуляторды әрқашан қуаттандырып
отыруға болады, бұл оның пайдалану мерзімін ешбір
түрде қысқартпайды. Қуаттандыру барысын үзу
аккумулятордың зақымдануына апармайды.
Литий иондық аккумулятор “Electronic Cell Protection
(ECP)” жүйесі арқылы терең қуатсызданудан қорғалған.
Аккумулятор толығымен қуатсызданып қалған жағдайда
құрал қорғау жүйесі арқылы өшіріліп қойылады: Бақ
электрбұйымы жұмыс істемей тұр.
Құралдың автоматты түрде өшірілгенінен кейін
қосқыш/өшіргіш түймешігін қайта баспаңыз. Бұл
аккумулятордың зақымдауына апаруы мүмкін.
Аккумуляторды кәдеге жарату туралы нұсқауларын
ескеріңіз.
F 016 L94 450 | (10.05.2022) Bosch Power Tools
Добавить комментарий