
Қазақ | 47
uЖұмысты аяқтағаннан соң электр құралын өшіріп,
ара полотносы тоқтағаннан соң ғана оны кесіктен
шығарыңыз. Осы арқылы кері соғудан сақтанып,
электр құралының қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз.
uЭлектр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
uБұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз.
Кисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы,
кесікті зақымдауы немесе кері соғуды тудыруы
мүмкін.
uАра полотносын өшіргеннен соң бүйір басу арқылы
тоқтатпаңыз. Ара полотносының бұзылуы, сынуы
немесе керу соғу себебі болуы мүмкін.
uҚажетті іздеу құралдарын пайдаланып
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
EasyCut50/AdvancedCut50
Электр құралы берік тірелген күйде ағашта кесіктер мен
ойықтарды аралауға арналған. Ара дискілері бойынша
ұсыныстарға назар аударыңыз.
AdvancedCut50
Электр құралы тік кесіктерді 45° еңіс бұрышымен
аралауға арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Ажыратқыш
(2) Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш дөңгелек (AdvancedCut50)
(3) Тірек тақтасы
(4) Тұтқа (беті оқшауланған)
(5) Қосымша тұтқа (беті оқшауланған)
(6) Ара дискісі патронының қаптамасын құлыптау
иінтірегі
(7) Ара дискісі патронының қаптамасы
(8) Ара дискісі
(9) Кесік белгісі 0°
(10) Кесік сызығын бақылауға CutControl арналған
көрініс терезесі
(11) Кесік белгісі 45° (AdvancedCut50)
(12) Кесік сызығын бақылауға CutControl арналған
панель
(13) Аспирациялық келте құбыр
(14) Еңіс бұрышын реттеуге арналған қатпарлы
бұранда (AdvancedCut50)
(15) Еңіс бұрышының шкаласы (AdvancedCut50)
(16) Ара дискісінің бекіткіші
(17) Жарылудан сақтайтын пластина
(18) Тереңдік шектегіші Aa)b)
(19) Тереңдік шектегіші Ba)b)
(20) Сорғышқа арналған қаптама
(21) Бағыттауыш шина адаптеріндегі ара дискісін
сақтау орныa)
(22) Бағыттауыш шина адаптеріa)
(23) Бағыттауыш шина адаптерінің құлыптау иінтірегіa)
(24) Бағыттауыш шинаa)
a) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
b) AdvancedCut50 стандартты жеткізілім жиынтығына кіреді.
Техникалық мәліметтер
Көп мақсатты ара EasyCut50 AdvancedCut50
Өнім нөмірі 3603CC80.. 3603CC81..
Кесік сызығын бақылау тетігі CutControl ● ●
Айналу жиілігін басқару ● ●
Айналу жиілігін алдын ала таңдау − ●
Номиналды тұтынылатын қуат Вт 500 500
Шығыс қуат Вт 370 370
Макс. кесік тереңдігіA)
– тереңдік шектегішінсіз мм 50 50
– A тереңдік шектегішімен мм 36 36
Bosch Power Tools 1 609 92A 660 | (25.11.2020)
Добавить комментарий