
Қазақ | 113
білімі аз адамдардың
пайдалануына арналмаған. Кері
жағдайда дұрыс пайдаланбау және
жарақаттанулар қауіпі пайда
болады.
uБалаларға абай болыңыз.
Балалардың шаңсорғышпен
ойнамауына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ Ешқандай денсаулыққа зиянды
заттектерді, мысалы, шамшат
немесе емен шаңдарын, тас шаңдарын, асбестті
шаңсормаңыз. Бұл заттектер канцерогенді болып
табылады. Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар
бойынша қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет
алыңыз.
uШаңсорғышты тек оны пайдаланус туралы
жетерлік мәлімет алғаннан соң ғана
пайдаланыңыз. Нұсқаулықтарды дәл орындау
орынсыз пайдалану мен жарақаттануларды азайтады.
ЕСКЕРТУ Шаңсорғыш құрғақ заттектерді
және тиісті шаралар арқылы
сұйықтықтарды да соруға арналған. Сұйықтықтар тиюі
тоқ соғу қаупін арттырады.
uШаңсорғышпен бензин, май, спирт, еріткіштер
сияқты жанғыш немесе жарылғыш
сұйықтықтарды соруға болмайды. Ыстық, жанып
тұрған немесе жарылғыш шаңды соруға
болмайды. Шаңсорғышты жарылу қаупі бар
жайларда пайдалануға болмайды. Шаң, бу немесе
сұйықтықтар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ Көбік немесе су шықса
шаңсорғышты бірден өшіріп,
контейнерін тазалаңыз. Кері жағдайда шаңсорғыш
зақымдануы мүмкін.
uНАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шаңсорғышты тек ішкі
бөлмелерде сақтау қажет.
uНАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қалтқыны жүйелі түрде
тазалап, оның зақымдалмағанын тексеріңіз. Кері
жағдайда шаңсорғыш дұрыс істемеуі мүмкін.
uЭлектр құралды ылғалды ортада пайдалану қажет
болса, автоматты сақтандырғыш ажыратқышын
пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш
ажыратқышын пайдалану тоқ соғу қауібін төмендетеді.
uӘр пайдаланудан алдын шаңсорғышты, кабельді
және айырды тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз
шаңсорғышты пайдаланбаңыз. Шаңсорғышты
өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және
түпнұсқалы бөлшектермен жөндетіңіз.
Зақымдалған шаңсорғыш, кабель және айыр электр
тоғының соғу қаупін арттырады.
uКабельді баспаңыз немесе оны жаншып
тастамаңыз. Айырды розеткадан шығару немесе
шаңсорғышты жылжыту үшін кабельді тартпаңыз.
Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін
арттырады.
uҚұрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
uЖұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз
жеткізіңіз.
uШаңсорғышты тек білікті маманға және арнаулы
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы шаңсорғыш
қауіпсіздігін сақтайсыз.
uПайдалану алдында сорғыш шлангтың ақаусыз
болуына көз жеткізіңіз. Шаң таралмауы үшін
сорғыш шлангы шаңсорғышқа қосулы тұрсын.
Шаңды жұтып жіберу мүмкін.
uШаңсорғыш үстіне отырмаңыз. Шаңсорғышты
бұзуыңыз мүмкін.
uЖелі кабелін және сорғыш шлангын абайлап
пайдаланыңыз. Олардың өзге адамдарға зиян
келтіруі мүмкін.
uШаңсорғышты тікелей бағыттылған су ағынымен
тазаламаңыз. Шаңсорғыш жоғарғы бөлігінің ішіне су
кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады.
uШаңсорғышты тиісті тәртіппен жерге тұйықталған
ток желісіне жалғаңыз. Розетка мен ұзартқыш
кабельде ақаусыз қорғаныш сым болуы қажет.
uСорғышты тұрақты сорғыш құрылғы ретінде
пайдаланбаңыз.
Техникалық қауіпсіздік бойынша
қосымша нұсқаулар (AdvancedVac
20)
ЕСКЕРТУ Розетканы тек пайдалану
нұсқаулығында белгіленген
мақсаттарда пайдаланыңыз.
Белгілер
Белгілер мен олардың мағынасы
Автоматты түрде іске қосу/тоқтату
құрылғысы
Жұмыс істеп тұрған электр
құралдарынан түсетін шаңды сору
Сорғыш автоматты түрде қосылып,
біраз уақыттан кейін өшіп қалады
Өшіру
Сору
Жиналған шаңды сору
Bosch Power Tools 1 609 92A 7UL | (17.01.2023)
Добавить комментарий