
Қазақ | 99
жинағыш қап ұстағышымен(24) контейнерге(1) салып
қойыңыз.
Сорғыштың жоғарғы бөлігін(9) қайтадан орнатып,
жапқыштарды(10) жабу арқылы контейнерді(1)
сорғыштың жоғарғы бөлігімен(9) байланыстырыңыз.
Басты сүзгіні алмастыру (Iсуретінқараңыз)
Нұсқау: сүзгіні алмастыру кезінде қозғалтқыш
корпусына шаңның түспегеніне көз жеткізіңіз.
Сүзгі ұстағышының бекіткіш иінтірегін(28) басты
сүзгіге(29) қарай итеріп, сүзгі ұстағышын(27) сүзгімен
бірге тартып шығарыңыз. Сүзгіні(29) сүзгі
ұстағышынан(27) шығарып алыңыз.
Жаңа сүзгіні енгізу үшін сүзгіні(29) сүзгі бүрмелерімен
сүзгі ұстағышына(27) төмен қарай кіргізіңіз. Сүзгі
ұстағышын(27) сүзгімен(29) бірге сорғыштың жоғарғы
бөлігіне(9) енгізіңіз.
Сорғыш шлангіні сорғышқа бекіту
(Jсуретінқараңыз)
Монтаждалған сорғыш шлангіні(22) сорғышқа ораңыз.
Ілмекті(7) жоғары тартып, ұстағышқа іліңіз.
Пайдалану
Қолданысқа енгізу
uСорудан алдын сүзгі қатты орнатылғанын
тексеріңіз.
uТек зақымдалмаған сүзгіні (сызатсыз, тесіксіз
және т.б.) пайдаланыңыз. Зақымдалған сүзгіні
дереу алмастырыңыз.
Қосу/өшіру
Сорғышты қосу үшін қосу/өшіру түймесін(5) басыңыз.
Аккумулятордың жұмыс уақытын ұзарту үшін ECO
түймесін(4) басыңыз.
Сорғышты өшіру үшін қосу/өшіру түймесін(5) қайтадан
басыңыз.
ECO режимі
ECO режимін іске қосқанда, сору қуаты аккумулятордың
жұмыс уақытын ұзарту үшін төмендетіледі (қараңыз
„Техникалық мәліметтер“, Бет97).
Құрғақ сору
Құрғақ сору үшін мүмкіндігінше шаң жинағыш қапты
(керек-жарақ) қолданыңыз.
Егер шаң жинағыш қап толы болса, оны жаңа шаң
жинағыш қаппен алмастырыңыз.
uШаң жинағыш қапты әр пайдаланғаннан кейін
тексеріп тұрыңыз.
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан түскен
шаңды сору (Lсуретінқараңыз)
uАуа бөлмеге шықса бөлмеде жетерлік ауа алмасу
көрсеткіші (L) болуы керек. Тиісті заңдарға назар
аударыңыз.
Әмбебап адаптерді(21) монтаждаңыз.
Әмбебап адаптерді(21) электр құралының
аспирациялық келте құбырына жалғаңыз.
Нұсқау: сорғыш шлангіге аз ауа жіберілетін электр
құралдарымен (мысалы, жұқа аралар, ажарлағыштар
және т.б.) жұмыс істеген кезде, әмбебап адаптердің(21)
ауаны саңылаулар арқылы тарту тесігі(31) ашық болуы
тиіс. Осылайша сорғыш пен электр құралының жалпы
қуаты жақсартылады. Ол үшін ауаны саңылаулар арқылы
тарту тесігінің(31) үстіндегі сақинаны, максималды
саңылау пайда болғанша бұраңыз.
Ылғалды сору
uШаңсорғышты сорғы ретінде пайдалануға
болмайды. Шаңсорғыш ауа және су қоспасын соруға
арналған.
Ылғалды сору алдындағы жұмыс қадамдары
Контейнерді(1) босатып тазалаңыз. Шаң жинағыш
қап(25) орнатылмауы тиіс.
Толтыру деңгейінің датчиктерін(30) жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз (Iсуретінқараңыз).
Жарамды саптаманы монтаждаңыз.
Сұйықтықтарды сору
Сорғышты қосу/өшіру түймесі(5) арқылы қосыңыз.
Сорғыш толтыру деңгейінің датчиктері(30) арқылы
өшіріледі (Jсуретінқараңыз). Максималды толтыру
биіктігіне жеткен кезде, сорғыш өшіп қалады.
Нұсқау: ток өткізбейтін сұйықтықтарды сору кезінде
(мысалы, бұрғылау эмульсиясы, майлар) шаңсорғыш
контейнердің толы күйінде өшпейді. Толтыру деңгейін
жүйелі түрде тексеру және контейнерді дер кезінде
босату керек.
Ылғалды сорғаннан кейінгі жұмыс қадамдары
Контейнерді(1) босатыңыз.
Зең басудың алдын алу үшін сорғыштың жоғарғы
бөлігін(9) алып тастаңыз, сүзгі ұстағышын(27) ашыңыз,
сүзгіні(29) шығарып алыңыз және барлығын кептіріңіз.
Үрлеп толтыру/үрлеп шығару
(Gсуретінқараңыз)
uШаңсорғыш үрлеу қызметін орындай алады. Бос
бөлмеге үрлемеңіз. Үрлеуде тек таза шланг
пайдаланыңыз. Шаңдар денсаулыққа зиянды болуы
мүмкін.
Үрлеу функциясы үшін артқы жақтағы шланг
бекіткішін(12) қолданыңыз.
Шлангіні артқы шланг бекіткішіне(12) монтаждаңыз.
Затты үрлеп толтыру үшін (мысалы, үрлемелі матрац)
басқа шланг ұшын әмбебап адаптерге(21) және 3үрлеп
Bosch Power Tools 1 609 92A 7UK | (17.05.2022)
Добавить комментарий