
Қазақ | 153
Ажарлау тәрелкесін таңдау
Жұмысына қарай электр құралын түрлі қаттылықты
ажарлау тәрелкелерімен жабдықтау мүмкін:
– Ажарлау тәрелкесі орташа (қара): барлық тегістеу
жұмыстарына сәйкес, әмбебап пайдаланылады.
– Ажарлау тәрелкесі жұмсақ (сұр, жабдықтар): аралық
пен нәзік тегістеуге арналған, бұдыр аймақтарда да.
Ажарлау тәрелкесін алмастыру
(D–E суреттерін қараңыз)
Нұсқау: Зақымдалған тегістеу тәрелкесін (6) бірден
алмастырыңыз.
Тегістеу парағын немесе жылтырату аспапбын шешіңіз.
Төрт бұранданы (12) толық шығарып, ажарлау
тәрелкесін (6) шығарыңыз.
Жаңа ажарлау тәрелкесінің (6) жоғарғы бетін тазалаңыз.
Суретте сұр түсті штрих түскен сыртқы шеңберді
синтетикалық маймен жұқа майлаңыз.
Жаңа ажарлау тәрелкесін (6) орнатып, төрт бұранданы
қайта бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: Зақымдалған тегістеу тәрелкесінің ұстағышы, тек
Bosch электр құралы үшін өкілетті сервистік қызметі
арқылы алмастырылуы керек.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Өзіндік сору шаң қорабымен
(F−I суреттерін қараңыз)
Шаң қорабын (5) сору құбырына (14) тірелгенше
орнатыңыз.
Шаң қорабының жайы (5) мөлдір контейнер арқылы оңай
бақыланады.
Шаң қорабын (5) босату үшін оны бұрап, төмен
тартыңыз.
Шаң жәшігін (5) ашудан алдын сүзгі элементінен шаңды
босату үшін оны суретте көрсетілгендей қатты тақтаға
соққылаңыз.
Шаң жәшігін (5) бекем ұстап, сүзгі элементін (15)
жоғарыға шығарып, шаң жәшігін босатыңыз. Сүзгі
элементінің (15) тілімшелерін жұмсақ қылшақпен
тазалаңыз.
Нұсқау: Оптималды шаңсоруды қамтамасыз ету үшін шаң
қорабын (5) уақытында босатып, сүзгі элементін (15)
жүйелік түрде тазалаңыз.
Тік аймақтарда жұмыс істегенде электр құралының шаң
қорабын (5) төменге көрінетін етіп ұстаңыз.
Сыртқы сорғыш (J суретін қараңыз)
Сору адаптерін(19) (керек-жарақ) сорғыш шлангіге(16)
(керек-жарақ), шерту дыбысымен тірелетіндей, енгізіңіз.
Сору адаптерін(19) электр құралындағы үрлеп шығару
келте құбырымен(14) және сорғыш шлангіні(16)
шаңсорғышпен (керек-жарақ) байланыстырыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Электр құралын тік аймақтарда жұмыс істеу кезінде
сорғыш шланг төменге көрсететін етіп ұстаңыз.
Қосалқы тұтқа (K суретін қараңыз)
Қосымша тұтқа (7) оңай қолдану мен оптималды күш
таратылуын қамтамасыз етеді, әсіресе жоғары ажарлау-
тегістеу жұмыстарында.
Қырға жақын тегістеуде қосымша тұтқаны қолданбау
мүмкіндігі бар. Қатпарлы гайканы (18) бұрап шығарып,
бұранданы (17) корпустан тартып алыңыз. Содан кейін
қосалқы тұтқаны (7) алға тартыңыз.
Қосалқы тұтқаны (7) қайта орнату үшін, оны алдымен
корпусқа ұстағыштары корпус саңылауларына кіріп
тірелетіндей етіп жылжытыңыз. Қосалқы тұтқаны
бұрандамен (17) және (18) қатпарлы гайкамен бұрап
бекітіңіз.
Қосалқы тұтқаны реттеу (L суретін қараңыз)
Қосалқы тұтқаны үш күйде реттеуге болады. Күйін өзгерту
үшін қатпарлы гайканы (18) босатыңыз (шамамен 2 –3
айналымға). Қосалқы тұтқаны орнатып, қатпарлы
гайканы қайта бұрап бекітіңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Зарядталған аккумуляторды (4) электр құралының артқы
жағынан аккумулятор берік құлыптанғанша енгізіңіз.
Ажыратқыш
uҚолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 7UF | (25.05.2022)
Добавить комментарий