
39
ҚАЗАҚША
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТУ
Машинаны тазарту немесе қызмет көрсетуді бастаудың алдында машинаның қуат
баусымын розеткадан суыру және суды беру шүмегін жабу қажет.
Күйіктерді болдырмау үшін бұл операцияларды тек машинадағы су суығаннан кейін
жүргізу керек.
• Машинаны және оның құрамдас бөліктерін қолдану үшін өткір заттарды және
металл қылшақтарды, сондай-ақ қажағыштары мен еріткіштері бар құралдарды
қолдануға!
• Машинаны су ағынының астында жууға.
Машинаның бетін қажет болса сұйылтылған қажағыш емес бейтарап тазартқыш
құралдардың көмегімен тазарту керек. Су асып төгілсе оны дереу дымқыл шүберекпен
сүртіңіз.
Егер пайдалану барысында судың температурасы нөлден төмендесе және машина «қатып
қалса», мыналарды орындау қажет:
- машинаны электр қуатынан ажыратыңыз;
- құю құбыршегінің қосылысын босату үшін суды беру шүмегін жылы сумен жуыңыз;
- құю құбыршегін ажыратыңыз және оны жылы суға салыңыз;
- барабанға жылы су құйыңыз және кем дегенде 10 минут күтіңіз;
- құю құбыршегін жалғаңыз және суды ағызу және берудің қалыпты жұмысына көз
жеткізіңіз.
Машинаны пайдалануды қалпына келтірмес бұрын, үй-жайдағы температура 0 °C-тан
жоғары екеніне көз жеткізіңіз. Егер машина жиі қататын үй-жайға орнатылса, әр жуудан
кейін құю және су ағызу құбыршектерінен қалған суды мұқият төгіп тастаңыз.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ!
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Кір жуудан кейін қалған барабанның ішкі бетіндегі тот және басқа ластанулар хлор
қосылыстары жоқ тазартқыш құралдармен дереу жойылуы тиіс.
Әрбір кір жуғаннан кейін есіктің әйнегін және машина барабанының тығыздауышын тазарту
және құрғатып сүрту қажет. Кір жуғаннан кейін тығыздауышта қалған батпақ және бөтен
заттар судың жылыстауының себебі болуы мүмкін.
Құю сүзгілерін жарты жылда 1 рет келесі әдіспен тазалау ұсынылады:
- суды беру шүмегін жабыңыз;
- құю құбыршегін шүмектен ажыратыңыз;
- су ағыны астында құю құбыршегінің сүзгісін жуыңыз;
- құю құбыршегін машинадан ажыратыңыз;
- машинаның құю сүзгісін суырыңыз;
- сүзгіні су ағынының астында жуыңыз, содан кейін сүзгіні орнына орнатыңыз;
- құю құбыршегін жалғаңыз және судың жылыстамайтынына көз жеткізіңіз.
Машинаның
барабанын
тазарту
Құю
сүзгілерін
тазарту
Добавить комментарий