
30
ҚАЗАҚША
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
• Машинаны 3/4» бұрандасы бар суды беру шүмегі арқылы салқын сумен жабдықтау
желісіне ғана қосу қажет.
• Қосудың алдында лас суды ағызу үшін суды беру шүмегін ашу ұсынылады.
• Машинаны сумен жабдықтау желісіне қосу үшін құю құбыршегін суды беру шүмегіне және
сомындарды берік тартып, машинаның құю клапанына жалғау қажет.
• Машинаның жұмысы кезінде суды беру шүмегі толығымен ашық болуы тиіс.
• Ағызу құбыршегі тікелей кәріз құбырына не шұңғылшаның немесе жуғыштың сифонына
қосылуы мүмкін. Бұл ретте ағызу құбыршегінің кірмесі еденнен 500 мм аспайтын биіктікте
болуы тиіс.
Суқұбырға
және кәріз
жүйесіне
қосу
• Құю және ағызу құбыршектері қосқаннан кейін қысылмауы немесе майыспауы
тиіс.
• Құбыршектерді қосқаннан кейін қосылыстардың саңылаусыздығына көз жеткізу
қажет. Қосылыстардың орындары құрғақ болуы тиіс.
Құю клапаны
• Машинаны жиілігі 50 Гц айнымалы ток және атаулы кернеуі 220 В болатын электр
желісіне қосу керек (машина 220 В бастап 240 В дейінгі желіде қалыпты жұмыс істей
алады). Көрсетілген параметрлерге сәйкес келмейтін желіге машинаны қосу оның істен
шығуына әкеп соқтыруы мүмкін.
• Машинаны қосуға арналған розетка еркін қолжетімді болуы керек.
• Машинадан розеткаға дейінгі қашықтық 1,5 м аспауы керек.
• Машинаны электр желісіне жерге тұйықтау сымы бар «I» класындағы бөлек розетка
арқылы қосу қажет.
• Электр қуатының кабелі кем дегенде 10 А жұмыс тогына есептелуі және кем дегенде 1,5
мм2 қимасына ие болуы керек.
• Электр қуаттың фазалық сымы 10 А іске қосу тогына есептелген, 0,1 с көп емес іске
қосылу уақыты және 30 мА көп емес айыру тогы бар автоматты қорғаныс құрылғы арқылы
қосылуы тиіс.
• Егер розетка және электр қуатының кабелі көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе немесе
розетка машинаны орнату орнынан алшақ болса, электр желісін жөнге келтіру үшін білікті
маманға жүгіну қажет.
Электр
желісіне
қосылу
Не удаляйте
фиксаторы
сливного
шланга
Закрепите
сливной шланг с
помощью зажима
≤ 500 мм
Ағызу
құбыршектерінің
қысқышпен бекітіңіз
Ағызу
құбыршектерінің
бекіткіштерін алып
тастамаңыз
Добавить комментарий