
35
ҚАЗАҚША
Бирюса WM-MX712/15, WM-MX814/15,
WM-MX1014/15, WM-MX1214/15
• Мақта (Хлопок): режим мақтадан, зығырдан немесе ерекше күтімді талап етпейтін басқа
маталардан дайындалған орташа және қатты ластанған киімді (күнделікті киім, төсек-орын
жабдығы) жууға арналған.
• Спорттық киім (Спортивная): қатты ластанған спорттық киімдер мен аяқкиімдерді 20 °C
температурада жууға арналған режим. Спорттық аяқкиімді жуған кезде бір ретте аяқкиімнің
екіден көп жұбын жуу ұсынылмайды.
Кір жуғыш
машинаның
жұмыс
режимдері • Синтетика: бұл режим жұмсақ және синтетикалық матадан жасалған бұйымдарды,
перделерді және үлдірлі матадан жасалған бұйымдарды жууға арналған. Тоқылған
бұйымдарды жуған кезде бұйымдардың пішінін бүлдірмеу үшін жуғыш құралдың мөлшерін
азайту ұсынылады.
• Жылдам 15 мин (Быстрая 15 мин): кез келген типті матаны салқын су температурасында,
сәл ғана ластанған заттарды күнделікті жууға арналған ұзақтығы аз кір жуу режимі.
• ЭКО 40-60°: 40-60°C температурада жуу. Ақ және оңғақ емес түсті мақтадан жасалған
заттарды, әдеттегі ластанған синтетиканы жууға арналған. Режим жуып кетірудің оңтайлы
сапасын сақтаған кезде суды және электр энергиясын тұтынуды үнемдеуге арналған.
• Жүн (Шерсть): режим өндіруші машинада жууға жол беретін тек түкті және жартылай
түкті бұйымдарды жууға арналған. Бұйымның құлақшасындағы ұйғарынды температуралық
режим туралы ақпаратты мұқият оқып шығу қажет. Түктен жасалған бұйымдар үшін арнайы
жуғыш құралдарды қолдану ұсынылады.
• Көлемді заттар (Объемные вещи): 40 °C температурада үлкен өлшемдегі тығыз
бұйымдарды (көрпелер, көрпе жамылғылары, сыртқы киімдер) жуу режимі. Жууды бастар
алдында заттарды барабанға біркелкі бөлу ұсынылады.
• Сығу (Отжим): бұл режимде машина жумайды және шаймайды, тек сығады.
• Барабанды тазарту (Очистка барабана): режим жоғары температурада машина
барабанын тазартуға және стерилдеуге арналған. Бұл режим кір жууға арналмаған. Ең
үздік нәтижеге жету үшін жуғыш құралдың аздаған мөлшерін қосу ұсынылады.
• Джинстер (Джинсы): 60 °C температурада джинс бұйымдарын ұқыпты жуу режимі.
Жууды бастамас бұрын киімдерді аударып, сұйық жуғыш затты қолдану ұсынылады.
• Суық сумен жуу 20°C (Холодная стирка 20°С): төмен температурада матаның кез
келген түрін жуу режимі, аз ластанған кірді күнделікті жууға арналған.
• Жылдам 45 мин (Быстрая 45 мин): кез келген типті матаны 40°С температурада, сәл
ғана ластанған заттарды күнделікті жууға арналған ұзақтығы аз кір жуу режимі.
• Аралас маталар (Смешанные ткани): режим мата түріне қарай сұрыпталмаған, әдеттегі
ластанған әдепкі бойынша 40°C температурада аралас заттарды жууға арналған.
• Балалар киімі (Детская): балалар киімдерін, жаялықтарды және т.б. 60 °C температурада
қарқынды жуу режимі. Балалардың заттарын басқа заттардан бөлек жуу ұсынылады.
• Бумен өңдеу (Обработка паром): бумен қосымша өңдеу арқылы заттарды қарқынды
жуу режимі. Режим арнайы күтімді қажет ететін қатты ластанған кірді жууға арналған.
Добавить комментарий