
33
ҚАЗАҚША
Мұз және
салқындатылған
су беру
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
• Салқындатылған су беру уақытын орнату — Әдепкі бойынша сумен толтыру уақыты
5 секундты құрайды. Қуат әр ретте өшірілгеннен кейін ол әдепкі уақытқа оралады. Су
беру уақытын өзгерту үшін «ICE WATER» батырмасын 3 секунд басыңыз, содан кейін
«ICE WATER» батырмасын кезекпен басу арқылы уақытты 0,5 секунд қадаммен 0-ден
10 секундқа дейінгі диапазонда орнатыңыз. Дисплей әдепкі бойынша 50 мәнін көрсетеді
(5 секундқа тең). Әр басқаннан кейін мән 5-ке артады, бұл 0,5 секундқа сәйкес келеді.
Дисплейдегі максималды 99 мәні 10 секундқа сәйкес келеді.
• Салқындатылған су беру — Салқындатылған су беру үшін тиісті индикатор жанған
кезде «ICE WATER» батырмасын басыңыз. Осыдан кейін ыдысты диспенсерге әкеліп,
оны басыңыз. Салқындатылған судың қажетті мөлшерін алыңыз, содан кейін диспенсерді
босатыңыз.
• Ұсақталған мұзды беру — Ұсақталған мұзды беру үшін «ICE CRUSHING» батырмасын
басыңыз, бұл кезде тиісті индикатор жанады. Осыдан кейін ыдысты диспенсерге әкеліп,
оны басыңыз. Ұнтақталған мұздың қажетті мөлшерін алыңыз, содан кейін диспенсерді
босатыңы.
• Мұз текшелерін беру — Мұз текшелерін беру үшін «ICE CUBE» батырмасын басыңыз, бұл
кезде тиісті индикатор жанады. Осыдан кейін ыдысты диспенсерге әкеліп, оны басыңыз.
Мұздың қажетті мөлшерін жинаңыз, содан кейін диспенсерді босатыңыз.
• Мұз бен салқындатылған су беру мұздатқыш бөлімнің есігі толығымен жабылған
кезде ғана мүмкін болады. Егер су немесе мұз беру процесінде мұздатқыш бөлімінің
есігі ашық болса, процесс автоматты түрде тоқтайды.
• Сынған кезде жарақат алмау үшін мұз текшелерін сынғыш ыдыста пайдаланбаңыз.
• Ұсақталған мұз қолыңызға зақым келтірмеуі үшін мұз мөлшерлегішін
саусақтарыңызбен ұстамаңыз.
Добавить комментарий