
34
ҚАЗАҚША
Шайғышты қосу
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Арнайы ыдыс-аяқ жуатын машиналарға арналған сұйық шайғыштарды ғана қолдану
қажет. Ыдыс-аяқ жуатын машиналарда қолдануға арналмаған шайғыш құралдарды
пайдалану машинаның дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін және кепілдік жағдайы
болып табылмайды.
Шайғышты мөлшерлегішке қосу тәртібі:
1. Шайғыш бөлігінің қақпағын сағат тіліне қарсы бұраңыз және оны алыңыз.
2. Шайғышты бөлікке толықтай толтырылғанша абайлап құйыңыз. Шайғыш төгіліп қалса,
оны ысқышпен немесе шүберекпен сүрту қажет. Әйтпесе жуу кезінде артық көбік түзілуі
мүмкін.
3. Қақпақты орнына қойып, сағат тілі бойынша бұраңыз.
• Басқару панеліндегі шайғыш деңгейінің жарық индикаторы шайғыш бөлігін толтыру
қажет екенін білдіреді.
• Шайғыштың деңгейін шайғыш бөлігінің қақпағы жанындағы машинаның
мөлшерлегішіндегі индикатормен бақылауға болады.
• Машинаны әр іске қоспас бұрын шайғыш деңгейі 1/4 белгісінен төмен түспейтініне көз
жеткізу ұсынылады.
Ыдыс-аяқты мұқият жуу және ыдыс-аяқта дақтар мен аққан іздердің пайда болуын
болдырмау үшін, сондай-ақ ыдыс-аяқты кептіруді тездету үшін соңғы кезеңде жуу
процесінде шайғыш қосылады.
Шайғыш шығыны деңгейі шайғыш бөлігінің қақпағының астында орналасқан реттегішті
бұру арқылы жүзеге асырылады.
• Реттегіштің корпусына орнатылған шығын деңгейін білдіретін «1» бастап «6» дейін
межелеу жабыстырылған. «1» реттегіш көрсеткісінің қалпы ең аз шығынға, «6» - ең көп
шығынға сәйкес келеді.
• Егер жуу циклі аяқталғаннан кейін ыдыс толығымен кептірілмеген болса, шайғыш
шығыны реттегішін үлкен мәнге орнату ұсынылады.
• Егер жуу циклі аяқталғаннан кейін ыдыста ақшыл айғыздар, дақтар немесе жабысқақ
шөгінді қалса, шайғыш шығынының реттегішін аз мәнге орнату қажет.
ШАЙҒЫШ
Шайғыштың шығын деңгейін реттеу
Шайғыш
деңгейінің
реттегіші
Толық
3/4-ке
толтырылған
1/2-ге
толтырылған
1/4-ке
толтырылған
Бос
Шайғыштың деңгей индикаторы
Добавить комментарий