
28
ҚАЗАҚША
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
«Бирюса» тұрмыстық ыдыс-аяқ жуатын машиналары (бұдан әрі - машиналар) ыдыс-
аяқ жуатын машиналарда тұрмыстық шарттарда жууға жарамды ыдыстан және асүй
аспаптарынан тағамдық ластануларды жоюға арналған. Барлық өңдеу бойынша
операциялар автоматты түрде белгіленген бағдарламаға сәйкес орындалады.
Ыдыс-аяқ жуатын машиналар КО ТР 004/2011, КО ТР 020/2011, ЕАЭО ТР 037/2016
регламенттерінің талаптарына сәйкес келеді.
Машинаның белгіленген қызмет мерзімі тұрмыстық шарттарда 5 жылды құрайды.
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
• Физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары немесе тәжірибе мен
білімдерінің жетіспеушіліктері бар болған адамдар (балаларды қоса) бақылауда
болса немесе оларға осы ыдыс-аяқ жуатын машинаны пайдалану туралы олардың
қауіпсіздігін жауапты тұлғамен нұсқамалық жүргізілген жағдайларды қоспағанда,
осы ыдыс-аяқ жуатын машина ондай адамдардың пайдалануына тағайындалмаған!
• Балаларды олардың машинамен ойнауына жол бермеу мақсатында бақылау
керек!
• Машинаны сумен жабдықтауға қосқан кезде жеткізу жиынтығына кіретін жаңа құю
құбыршегін ғана қолданыңыз.
• Машинаны тұғырық, тапал тіреу және т.б. ретінде қолдануға, машинаның үстіне
шығуға.
• Машинаның астына қандай да бір заттарды қоюға.
• Машинаның ашық есігіне сүйенуге.
• Машинаны үй-жайдан тыс орнатуға.
• Ыдыс-аяқ жуатын машиналарда қолдануға арналмаған жуғыш заттарды, суды
жұмсарту құралдарын және шайғыштарды қолдануға.
• Машинаны қоршаған орта температурасы 0 °С төмен үй-жайда пайдалануға.
Ыдыс-аяқ жуатын машина электрлік тұрмыстық аспап болып табылады, сондықтан
оны пайдаланған кезде жалпы электр қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
• Машинаны тек жерге тұйықталған электрлік желіге жалғау қажет.
• Машинаны жалғау розеткасы жерге тұйықталған болуы және машинаны электр желіден
шұғыл ажырату үшін қолжетімді жерде орнатылуы тиіс.
• Машинаның қабықшаларымен қамтамасыз етілетін қорғаныс дәрежесі - IPX1.
• Машинаны электр желісіне қосудың алдында қуат баусымының зақымдалмағанына көз
жеткізу қажет. Қуат баусымы қатты қысылмауы және майыспауы тиіс.
Қуат баусымы зақымдалған кезде оны авторластырылған сервистік орталықтың маманы
немесе ұқсас білікті қызметкерлер ауыстыруы тиіс.
• Машинаны жерге тұйықталмаған розеткаға қосуға.
• Машинаны ток артық жүктемесінен ақаулы қорғанысы бар электр желісіне қосуға.
• Машинаны электр желісіне қосу үшін жалғастырғыш тетіктерді және ұзартқыш
баусымдарды қолдануға.
• Қуат баусымынан ұстап машинаны электр желісінен ажыратуға.
• Жұмыс істеп тұрған машинаны және қуат баусымының ашасын дымқыл қолмен
ұстауға.
• Машинаның немесе сумен- және электрмен жабдықтаудың құрылымын өз бетінше
жөндеуге және өзгерістер енгізуге. Машинаны тек сервистік орталықтың мамандары
жөндеуі тиіс.
Бөтен шуылдар, тарсыл, түтіндеу және т.б. пайда болуымен байланысты ақаулар
туындаған жағдайда, машинаны электр желісінен дереу ажырату, суды беру шүмегін
жабу және авторландырылған сервистік орталыққа жүгіну қажет.
Осы нұсқаулықта көрсетілген қауіпсіздік талаптарын және пайдалану ережелерін
сақтамау кепілдікті қызмет көрсету құқығын жоғалтуға әкеледі.
Өндіруші машинаның зақымдалуы және көрсетілген қауіпсіздік талаптарын және
машинаны пайдалану ережелерін бұзу нәтижесінде келтірілген нұқсан үшін жауапты
емес.
ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ!
ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ!
Қауіпсіздік
шаралары
Электр
қауіпсіздігі
ережелері
Добавить комментарий