
38
ҚАЗАҚША
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
• Ыдыс-аяқ жуатын машинаны тік қалыпта берік бекітіп, жабық көліктің барлық түрлерімен
тасымалдауға жол беріледі.
• Тасымалдаумен байланысты жұмыстар басталар бұрын машинаны электр желісінен
ажырату қажет.
• Тасымалдау және жылжыту кезінде машинаның есігі тығыз жабылуы тиіс.
Ыдыс-аяқ жуатын машинаны тек тік күйінде тасымалдауға рұқсат беріледі!
• Белгіленген қызмет ету мерзімі аяқталған соң дайындаушы осы ыдыс-аяқ жуатын
машинаны қауіпсіз пайдалану үшін жауапты болмайды.
• Ыдыс-аяқ жуатын машина жергілікті басқару органдары белгілеген электрлік және
электрондық жабдықты кәдеге жарату ережелеріне сәйкес кәдеге жаратылуы тиіс.
Машинаны кәдеге жаратудың алдында электр қуат баусымын кесу арқылы оны жарамсыз
күйге келтіру керек.
• Қаптау материалдары жергілікті ережелерге сәйкес қайта өңделуі және қайтадан
қолданылуы тиіс.
• Қапталған ыдыс-аяқ жуатын машинаны салыстырмалы ылғалдылық 80%-дан жоғары
болмайтын, табиғи желдетуі бар жабық үй-жайларда сақтау қажет.
• Егер машина ұзақ уақыт бойы қолданылмаса немесе жылытылмайтын үй-жайда
сақталса, машинадағы суды толықтай ағызу қажет.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
ЫҚТИМАЛ АҚАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ТӘСІЛДЕРІ
Егер аталған жағдайлардың КЕЗ КЕЛГЕНІ туындаса, ыдыс-аяқ жуатын машинаны дереу
сөндіріңіз:
• Қуат кабелі зақымдалған немесе қызып кетеді;
• Жану иісі бар;
• Түтіндеу белгілері байқалады;
• Қорғаныс құрылғылар жиі іске қосылады.
ЖАРАМСЫЗДЫҚТЫ ӨЗ БЕТІҢІЗБЕН ЖОЮҒА ТЫРЫСПАҢЫЗ.
АВТОРИЗАЦИЯЛАНҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА ДЕРЕУ ЖҮГІНІҢІЗ!
Ақаулық, оның сырттан
білінуі Ықтимал себебі Ақаулықты анықтау және жою
әдістері
Ыдыс-аяқ жуатын
машина қосылмайды
Сақтандырғыш жанып кетті немесе
автоматты ажыратқышы іске қосылды
Сақтандырғышты ауыстырыңыз немесе
автоматты ажыратқышты қосыңыз.
Қуат қосылмаған
Ыдыс-аяқ жуатын машинаның қосулы
екеніне және есікшенің мықтап
жабылғанына көз жеткізіңіз. Қуат кабелі
розеткаға дұрыс қосылғанына көз
жеткізіңіз.
Судың жеткіліксіз күші
Суқұбырға қосудың дұрыстығын,
суқұбыр шүмегінің ашылғанын
тексеріңіз.
Ыдыс-аяқ жуатын машинаның есігі
нашар жабылған
Ыдыс-аяқ жуатын машинаның есігін
мықтап жапқаныңызға көз жеткізіңіз.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Ыдыс-аяқ жуатын машинаңызды пайдалану кезінде қандай да бір ақаулар туындаған жағдайда,
авторизацияланған сервистік орталыққа жүгінудің алдында төмендегі кестеде келтірілген ақауларды
жою әдістерімен танысу қажет. Егер ақау аталған әрекеттерді орындағаннан кейін жойылмаса, Сізге
авторизацияланған сервистік орталыққа жүгіну қажет.
Авторизацияланған сервистік орталықтар тізбесімен www.biryusa.ru сайтында немесе.
Добавить комментарий