
26
ҚАЗАҚША
ПАЙДАЛАНУ
Төменде ыдыс-аяқ жуатын машинаңызды қолданудың жалпы тәртібі келтірілген. Әр кезең
бойынша толық нұсқаулықтар осы нұсқаулықтың тиісті бөлімдерінде келтірілген.
1. Ыдыс-аяқ жуатын машинаны орнатыңыз және электр қуатының желісіне, сумен қамтуға
және кәріз жүйесіне қосыңыз.
(«Орнату мен қосу» бөлімін қараңыз)
2. Ыдыс-аяқтан және асүй аспаптарынан тағамның ірі қалдықтарын кетіріңіз. Қажет болса,
ыдыс-аяқты су ағынымен шайыңыз.
3. Жуу құралын салыңыз. Бірінші іске қосудың алдында тұзды контейнерге салыңыз. Іске
қосқан сайын тұздың жеткіліксіздігі индикациясының жоқтығына көз жеткізу қажет.
(«Суды жұмсарту» және «Жуғыш құрал» бөлімдерін қараңыз)
4. Ыдысты және асүй аспаптарын машина себеттеріне салыңыз.
«Дайындау және ыдысты орналастыру» бөлімін қараңыз)
5. 5. Себеттерді машинаның ішіне жылжытыңыз және есігін жабыңыз. Қалаған жуу
бағдарламасы мен қосымша функцияларды таңдаңыз. Жуу бағдарламасын іске қосыңыз.
Жуу басқару панеліндегі тиісті батырманы басқаннан кейін немесе машина есігін жапқаннан
кейін 10 секундтан соң (үлгіге байланысты) іске қосылады.
(«Басқару панелі» бөлімін қараңыз)
ОРНАТУ МЕН ҚОСУ
• Машинаны орнату беті берік және тегіс болуы тиіс.
• Машинаны электр қуатының желі розеткасына тікелей жақын жерде орнату қажет.
Ағызатын құбыршекті ұзарту қажет болған жағдайда оның жалпы ұзындығы 4 метрден
аспауы тиіс.
• 0 °С төмен ауа температурасының төмендеу ықтималдығы бар үй-жайға машинаны
орнатуға жол берілмейді.
• Машинаны жылжытқан кезде машинаның есігіне шамадан тыс күш қолдануға жол
берілмейді.
Ыдыс-аяқ жуатын машинаны орната бастаудың алдында машинаның картон қорабын алып
тастаңыз, машинаның сыртындағы және ішіндегі барлық қаптау материалдарын (қорғаныс
тысы, пенопласт амортизаторлары және түбі, бекіткіш таспалары) алып тастаңыз, сондай-
ақ басқару панеліндегі қорғаныс қабықшаны алып тастаңыз.
Машинаны
орналастыру
Сумен
қамтуға
қосу
• Машинаны 3/4» бұрандалы қосылысы бар суды беру шүмегі арқылы салқын сумен қамту
желісіне қосу қажет.
• Сумен қамту желісіндегі су қысымы 0,04 бастап 1 МПа дейінгі аралықта болуы тиіс.
• Қосудың алдында лас суды ағызу үшін суды беру шүмегін ашу ұсынылады.
• Машинаның жұмысы кезінде суды беру шүмегі толығымен ашық болуы тиіс.
• Суды беру құбыршегін ұзарту үшін бұрын қолданылған құбыршектерді қолдануға
болмайды.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Добавить комментарий