
2524
ҚАЗАҚША
Мұздатқышты
басқару панелі
1 - теріс температура индикаторы;
2 - индикациялық дисплей;
3 - белгіленген температураны азайту және «Мұздату»
режимін қосу батырмасы;
4 - белгіленген температураны ұлғайту және
мұздатқышты қосу / сөндіру батырмасы.
• Мұздатқышты желіге бірінші рет қосқан кезде автоматты түрде -18 °С температурасы
белгіленеді, «2» дисплейі және «1» индикаторы жанады.
• Мұздатқышты сөндіру немесе қосу үшін қысқа дыбыстық сигнал естілмейінше кемінде
үш секунд бойы «4» батырмасын басып тұру қажет, содан кейін батырманы босату
керек. Мұздатқышты «4» батырмасымен сөндіргеннен кейін дисплейде «--» индикациясы
көрсетіледі, мұздатқыштың компрессоры жұмысын тоқтатады.
• Мұздатқышты желіден толығымен ажырату үшін электр сымының айырын розеткадан
шығару керек.
«Мұздату» режимін қосу немесе сөндіру үшін қысқа дыбыстық сигнал естілмейінше кемінде
үш секунд бойы «3» батырмасын басып тұру қажет, содан кейін батырманы босату керек.
Бұл режимде мұздатқыштың компрессоры 48 сағат бойы үздіксіз жұмыс істейді, содан
кейін режим сөндіріледі және тоңазытқыш бұрын орнатылған температуралық режимде
жұмысына оралады.
• «Мұздату» режиміндегі жұмыс барысында «2» дисплейде жұмыстың бірінші 24 сағатында
«SF» жыпылықтайтын индикациясы көрсетіледі. Кейінгі 24 сағатта «SF» индикациясы
тұрақты болады.
• Өнімдерді мұздатқышқа жүктегенге дейін 24 сағат бұрын «Мұздату» режимін қосу
ұсынылады.
Дабылдама 40 минут ішінде мұздатқыштағы нақты температура орнатылған температурадан
10 °С-қа асып кетсе қосылады. Бұл ретте «2» дисплейде «НI» индикациясы көрсетіледі,
сондай-ақ үзілмелі дыбыстық сигнал естіледі.
• Қажет болса дабылдама «4» батырмасын басу арқылы 40 минутқа сөндірілуі мүмкін.
Температура датчигінің тізбегі үзілсе немесе тұйықталса, «2» дисплейде «ЕЕ» индикациясы
көрсетіледі, сондай-ақ әр 60 минут сайын қайталанатын 20 секундқа созылатын үзілмелі
дыбыстық сигнал қосылады.
Температура датчигінің тізбегі үзілсе немесе тұйықталса, мұздатқыштың компрессоры
апаттық режимде жұмысын жалғастырады.
«Мұздату»
режимі
Мұздатқышты
қосу және
сөндіру
• Белгіленген температураны ұлғайту «4» батырмасын тізбекті түрде басу арқылы
жүргізіледі.
• Белгіленген температураны азайту «3» батырмасын тізбекті түрде басу арқылы
жүргізіледі.
• Температура -20 бастап +10 °С дейінгі ауқымда 1 °С қадамымен белгілене алады.
• Белгіленген температураны сақтау автоматты түрде «3» немесе «4» батырмасын соңғы
басқаннан кейін жүргізіледі.
Температуралық
режимді орнату
Мұздатқыш автоматты түрде ериді. Таймер қыздыру элементін дүркін-дүркін қосады,
буландырғыштан «қар тонының» еруі орын алады. Қар суы арналар арқылы сығымдағыш
үстіндегі сыйымдыққа ағады, онда буланады.
Мұздатқышты
еріту
Температураның
жоғарылауының
дабылдамасы
Температура
датчигі
қатесінің
дабылдамасы
• 0 бастап +10 °С дейін - балғын өнімдерді сақтау үшін.
• -1 бастап -20 °С дейін - алдын ала мұздатылған өнімдерді сақтау үшін.
• «Мұздату» режимі (-25 °С дейін) - жылы өнімдердің көп санын жылдам мұздату үшін.
Температураны
таңдау
жөніндегі
ұсынымдар
Ашық есіктің
дабылдамасы
Есік 60 секундтан артық ашық кезінде дисплейде температура көрсетімдері «dr»
индикациялауымен кезектеседі, бұл арада дыбыс құлақтандыру іске қосылады. Егер есік
жабылмаса, онда сигнал бір минуттан кейін 10 минут ішінде қайталанады.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАСҚАРУ БЛОГЫ БАР МҰЗДАТҚЫШТАРДЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
(«No Frost» салқындату жүйесі)
Бирюса 6046SN, 6047SN
21 3 4
Үстіңгі сөренің үстіне орнатылған жарықдиодты шам мұздатқыштың ішкі кеңістігін оңтайлы
жарықтандыруды және сөрелерде сақталған өнімдерге ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз
етеді.
Жарықдиодты
жарықтандыру
Бирюса
6047SN
Добавить комментарий