
Тоңазытқыш - мұздатқышы / Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
34 / KZ
5 Техникалық қызмет көрсету және тазарту
5.3. Жібіту
а) тоңазытқыш камерасы
Тоңазыту бөлігі автоматты түрде ериді. Қар суы дренаждық түтікке
салқындатқыштың артқы бөлігінде қар суына арналған науа арқылы ағады. Су
тамшылары мұздатқан кезде жасырын булағыш орналасқан тоңазыту бөлігінің
артқы қабырғасына жиналуы мүмкін. Олар булағыштың қабырғасында қалуы және
мұздату басталғаннан кейін қайтадан қатуы мүмкін. Пышақ немесе айыр түріндегі
өткір немесе кескіш заттармен қатқан тамшыларды кетірмеңіз. Қандай да бір
сәтте қар суының бойлық науадан (тоңазыту камерасындағы қар суына арналған
науа) ақпайтынын анықтасаңыз, азық-түліктердің бөлшектерінің түсуі нәтижесінде
дренаждық түтіктің бітелмегенін тексеріңіз. Дренаждық түтікті арнайы қылшақпен,
резеңке құбыршекпен немесе басқа қолайлы затпен тазартуға болады және
бұдан кейін дренаждық түтікті сүртіп, оған бір стақан жылы су құйып ағызғышты
тексеру керек. Дренаждық түтіктің соңғы бөлігі электрлік бөліктерге немесе еденге
судың түсуін болдырмау үшін сығымдағыштағы суды жинауға арналған науаға
орналасқанына көз жеткізіңіз.
б) мұздатқыш камера
Камераны жылына екі рет немесе қалыңдығы 7 мм дейін қырау қабаты жиналған
кезде ерітіңіз. Ерітуді бастау үшін, штепсельді электрлік розеткадан алып шығарып,
тоңазытқышты желіден ажыратыңыз. Барлық азық-түліктерді бірнеше қағаз
орамына орап, салқын жерге үйіңіз (мысалы, тоңазытқышта немесе қоймада).
Ерітуді тездету үшін, мұздату камерасына жылуы суы бар сыйымдықты абайлап
қоя аласыз. Қырауды кетіру үшін пышақ немесе айыр сияқты өткір немесе
кескіш заттарды қолданбаңыз. Еріту үшін фенді, электрлік қыздырғышты немесе
басқа қандай да бір ұқсас электрлік аспапты ешқашан қолданбаңыз. Мұздату
камерасының ішіндегі пластикті қабырғаларды зақымдай аласыз. Мұздату
камерасының түбінде жиналатын қар суын ысқышпен немесе шүберекпен сүртіңіз.
Ерітіп болғаннан кейін мұздату камерасының ішкі жабынын құрғатып сүртіңіз.
Керек- жарақтарын орнына қойыңыз. Бұдан кейін штепсельді ашасын розеткаға
енгізіп, тоңазытқышты қосыңыз.
Пластикалық беткі қабаттарға төгілген май олардың зақымдануына
әкелуі мүмкін, сондықтан оны дереу жылы сумен жуып-шаю қажет.
C
Добавить комментарий