
15
пайдану бойынша нұсқаулық
KZ
• Бұл құрылғыны тек тұрмыстық (үй) жағдайларда қолдануға болады, коммерциялық және
өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалануға арналмаған.
• Құрылғыны тек мақсатына және пайдалану шарттарына сәйкес пайдаланыңыз.
Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілмеген мақсаттарда аспапты қолдану пайдалану
ережелерін бұзу болып табылады.
• Құрылғыны техникалық сипаттамалада көрсетілген кернеу шегінен асатын электр желісіне
қоспаңыз.
• Құрылғыны жинау, тазалау, жылжыту және қақпағын ашпас бұрын және пайдаланудан
кейін әрқашан электр желісінен ажыратыңыз.
• Қақпақты ашар алдында, тазалау, жылжыту үшін және жұмысты аяқтағаннан кейін
құрылғыны әрқашан желіден ажыратыңыз.
• Өткір пышақтарды ұстағанда абай болыңыз!
• Қысқа тұйықталу мен электр тогының соғуын болдырмау үшін ылғал қолмен розеткаға
немесе сымға қол тигізбеңіз.
• Жұмысты бастамас бұрын, құрылғы ыдысында бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
• Тартқыштың ішкі ыдысына су немесе басқа сұйықтық құюға тыйым салынады!
• Ұнтақтағыш корпусын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Оны ыдыс жуғышта
немесе ағынды судың астында жууға болмайды. Қажет болса, кірді дымқыл шүберекпен
сүртіңіз, содан кейін жақсылап құрғатыңыз.
• Корпусты тазарту үшін жұмсақ шүберекті және қажет болған жағдайда бейтарап
тазартқыштарды қолданыңыз. Абразивті материалдар мен бензин, алкоголь, амилацетат
және т.б. сияқты еріткіштерді қолдануға болмайды .
• Электр желісіне қосар алдында құрылғының корпусы мен оның ішкі сауыты әрқашан құрғақ
және таза екеніне көз жеткізіңіз. Себебі, бұл ережені сақтамау құрылғының зақымдалуына
әкелуі мүмкін.
• Жұмыс кезінде құрылғыны тегіс, тұрақты бетке қою керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Кофе тартқыштың үздіксіз жұмыс істеу уақыты 30 cекундтан аспауы керек, араға 1-2
минут үзіліс жасап, содан соң жұмыс жалғастыру керек.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Добавить комментарий