
19
• Бұлғауышы (12) орнатылған редукторды (11)
орнату орнына (2), орналастырыңыз, редук-
торды (11) бекіткіштер (3) іске қосылғанға
дейін төменнен жоғары бағытқа қарай
басыңыз, редуктор (11) мен бұлғауыштың
(12) берік бекігендігіне көз жеткізіңіз.
• Желі бауының ашасын электр розеткасына
салыңыз.
• Қондырма-бұлғауышты (12) өнімдері бар
ыдысқа салыңыз.
Ескерту: Сіз өнімдерді стақанға (13) сала
аласыз.
• Құрылғыны қосу үшін батырманы
(6) басыңыз және ұстап тұрыңыз.
Қондырманың (12) айналу жылдамдығын
өзгерту жылдамдықты реттеуші қолсабын
(7) бұрау арқылы жүзеге асады.
• «TURBO» (5) батырманы басып ұстап
тұрғанда құрылғы максималды айналымға
қосылады.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
желі бауының ашасын электр розеткасынан
суырыңыз, бірден бекіткіш батырмаларына
(3) басып, моторлық блоктан (4) бұлғауыш
редукторын (11) шешіп алыңыз.
• Бұлғауышты (12) редуктордан (11)
шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
– Бұлғауыш-қондырманы (12) қою қамырды
илеу үшін пайдалануға тыйым салынады.
– Өнімдерді сыйымдылыққа құрылғы
қосылғанға дейін салыңыз.
ҰСАҚТАҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Құрылғы етті, сырды, пиязды, шөптерді,
сарымсақты, сәбіздi, грек жаңғағын, бадамды,
қара өрік, жеміс-жидектер мен көкеністерді
ұсақтау үшін қолданылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Мұз текшелері, мұздатылған өнімдер, жұпар
жаңғағы, кофе дәндері, дәнді дақылдар және
басқалары сияқты өте қатты өнімдерді
ұсақтауға тыйым салынады.
Ұсақтауды бастамас бұрын:
– Етті, сырды, пиязды, жемістерді және көкені-
стерді шамамен 2х2 см кесектеп тураңыз.
– Шөптердің сабағын алып тастаңыз,
жаңғақтарды қабығынан тазартыңыз.
– Еттің сүйектерін, сіңірлерін және
шеміршектерін жойыңыз.
Ұсақтау
Абайлаңыз: пышақтың (9) жүзі өте өткір!
Әрқашан пышақты (9) жоғарғы пластмасс
ілмегінен ұстаңыз.
• Ұсақтағыш тостағанын (10) орнықты және
құрғақ бетке орналастырыңыз.
• Пышақты (9) ұсақтағыш тостағаны (10)
ішіндегі оське орнатыңыз.
• Өнімдерді ұсақтағыш тостағанына (10)
салыңыз.
Ескертпе: Ұсақтағыш тостағаны (10) бос
болғанда құрылғыны іске қоспаңыз.
• Редуктор-қақпақты (8) ұсақтағыш
тостағанға (10) орнатыңыз және оны сағат
тілі бойынша тірелгенге дейін бұраңыз.
• Моторлық блокты (4) редуктор-қақпақтың
(8) мойнына орнатыңыз, моторлық блокқа
(4) бекіткіштер (3) іске қосылғанға дейін
төменнен жоғарыға қарай басыңыз,
моторлық блоктың (4) берік бекігеніне көз
жеткізіңіз.
• Моторлық блокты (4) қатаң түрде тігінен,
қисайтпай орнатыңыз.
• Электр розеткаға желі бауының ашасын
салып, құрылғыны электр желісіне
қосыңыз.
• Құрылғыны қосу үшін батырманы (6)
басыңыз және ұстап тұрыңыз. Пышақтың
(9) айналу жылдамдығын жылдамдық
реттегіші қолсабын (7) бұрау арқылы
жүзеге асырылады.
• «TURBO» (5) батырманы басып ұстап
тұрғанда құрылғы максималды айналымға
қосылады.
• Жұмыс істеу уақытында моторлық
блокты (4) бір қолыңызбен, ал ұсақтағыш
тостағанын (10) басқа қолыңызбен
ұстаңыз.
• Құрылғыны қолданғаннан кейін пышақ (9)
айналымының толықтай тоқтауын күтіңіз.
• Желі бауының ашасын электр
розеткасынан суырыңыз.
• Моторлық блокты (4) редуктор-қақпағының
(8) мойнынан бекіткіш батырмаларына (3)
бірден басып, шешіп алыңыз.
• Редуктор-қақпағын (8) сағат тілі бағытына
қарсы бұрап, шешіп алыңыз.
• Пластмассалық ілмектен ұстап, абайлық
сақтап, пышақты (9) шығарыңыз.
• Ұсақталған өнімдерді ұсақтағыш
тостағанынан (10) шығарыңыз.
IM VT-8543.indd 19 8/13/19 2:47 PM
Добавить комментарий