
19
–
Жүзін зақымдамау үшін мүлдем
қатты өнімдерді, яғни жарма, күріш,
дәмдеуіштерді, кофе, ірімшіктің қатты
сұрыптары, мұз сияқты өнімдерді және
басқа тағамдарды өңдемеңіз.
–
Қондырма-блендермен (1) жұмыс кезінде
өнімдерді бөлшектеуде қиындықтар
туындайтын болса, біршама көлемде
сұйықтық қосыңыз.
БҰЛҒАУЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Бұлғауыш-қондырмасын (9) тек крем,
жұмыртқа ақуызын шайқау, бисквитті
қамырды дайындау немесе дайын
десерттерді араластыру үшін ғана
пайдаланыңыз.
САҚТАНДЫРУ: Бұлғауыш (9) пен
бәсеңдеткішті (8) желілік бау
айыртетігінің электрлік ашалыққа
салынбағанына көз жеткізіңіз.
•
Қондырма-бұлғауышты (9) бұлғауыш
бәсеңдеткішіне (8) салыңыз (сур.2).
•
Бұлғауыш бәсеңдеткішін (8) моторлық
блокқа (2) салыңыз және оны сағат тілі
бойынша бұраңыз, бәсеңдеткіш (8) пен
бұлғауыштың (9) берік бекітілгеніне көз
жеткізіңіз (сур.3).
•
Желілік баудың айыретігін электрлік
ашалыққа салыңыз.
•
Қондырма-бұлғауышты (9) азық-түлігі бар
ыдысқа салыңыз.
Ескерту: Сіз тағамдарды өлшейтін
стаканға (10) сала аласыз.
•
Құрылғыны іске қосу үшін «І» батырмасын
(4) басып ұстап тұрыңыз.
•
«ІІ» (3) батырмасын басып ұстап тұрғанда
құрылғы максималды айналыммен жұмыс
істейді.
•
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін желілік бау айыртетігін электрлік
ашалықтан шығарыңыз, бәсеңдеткішті
(8) сағат тілі бойынша бұрап, бұлғауыш
бәсеңдеткішін (8) моторлық блоктан (2)
шешіңіз.
•
Бұлғауышты (9) бәсеңдеткіштен (8)
шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
–
Қондырма-бұлғауышты (9) қою қамырды
илеу үшін пайдалануға тыйым салы-
нады.
–
Құрылғы іске қосылғанға дейін сыйымды
ыдысқа өнімдерді салыңыз.
ЧОППЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Чоппер етті, ірімшікті, пиязды, шөптерді,
сарымсақты, сәбіздi, грек жаңғағын,
бадамды, қара өрік, жеміс-жидектер мен
көкөністерді ұсақтау үшін қолданылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Мұз текшелері, мұздатылған тағамдар,
жұпар жаңғағы, кофе дәндері, дәнді
дақылдар және басқалары сияқты өте
қатты тағамдарды ұсатуға тыйым
салынады.
Ұсақтауды бастау алдында:
–
Етті, ірімшікті, пиязды, жемістерді және
көкөністерді шамамен 2х2 см кесектеп
тураңыз.
–
Шөптердің сабағын алып тастаңыз,
жаңғақтарды қабығынан тазартыңыз.
–
Еттің сүйектерін, сіңірлерін және
шеміршектерін жойыңыз.
Майдалау
Абайлаңыз:Ұсақтағыш пышақ (7) өте өткір!
Әрқашан ұсақтағыш-пышақты (7) жоғарғы
пластмасс артқы ілмегінен ұстаңыз.
•
Чоппер тостағынын (6) тегіс, тұрақты
бетке орнатыңыз.
•
Ұсақтағыш-пышақты (7) чоппер тостағаны
(6) ішіндегі оське орнатыңыз.
•
Азық-түлікті чоппер тостағанына (6)
салыңыз.
Ескерту: Құрылғыны чоппер тостағаны (6)
бос болғанда іске қоспаңыз.
•
Бәсеңдеткіш-қақпақты (5) чоппер
тостағанға (6) орнатыңыз, оны сағат тілі
бойынша түбіне дейін бұраңыз.
•
Моторлық блокты (2) қақпақ-
бәсеңдеткіштің (5) аузына орнатыңыз,
моторлық блокты (2) сағат тіліне қарсы
бұрап, моторлық блоктың (2) сенімді
бекітілгеніне көз жеткізіңіз (сур.5).
IM VT-8524.indd 19 22.05.2017 17:46:03
Добавить комментарий