егер
олар бақыланбаса немесе олардың
қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғамен
аспапты пайдалану туралы нұсқаулықтар
берілген болмаса, аспап олардың
пайдалануына арналмаған.
• Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін
балаларды қадағалау керек.
• Балалар қауіпсіздігі тұрғысынан, қаптама
ретінде пайдаланылатын полиэтилен
пакеттерді қадағалаусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе қаптама үлдірмен
ойнауға рұқсат бермеңіз. Тұншығу қаупі!
• Қуаттандыру бауы зақымданған жағдайда
қауіп тууға жол бермеу үшін оны
дайындаушы, сервистік қызмет немесе
баламалы білікті маман ауыстыруы керек.
• Аспапты өз бетімен жөндеуге тыйым
салынады. Өздігіңізден құрылғыны бөлшек-
темеңіз, кез келген ақау шыққан жағдайда,
сондай-ақ құрылғы құлаған жағдайда
құрылғыны розеткадан алып тастаңыз
да, байланысу мекенжайлары бойынша
кепілдеме талонында көрсетілген кез келген
авторланған (уәкілетті) сервистік орталыққа,
және www.vitek.ru сайтына жүгініңіз.
• Құрылғыны тек зауыттық қаптамасында
тасымалдаңыз.
• Құрылғыны балалар және мүмкіндігі
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА
ПАЙДА ЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ӨНДІРІСТІК
АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА
АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ КОММЕР-
ЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температура жағ
дайында тасымалдаған немесе сақта ған
кезде, оны бөлме температурасында үш
сағаттан кем емес уақыт бойы ұстау
қажет.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
• Құрылғының өшірулі тұрғанына көз жеткізіп
алыңыз.
• Назар аударыңыз! Кофебұқтырғышты
алғашқы пайдалану алдында суға
арналған сауыттан (16) қызыл резеңке
тығынды шығарыңыз.
• Кофебұқтырғышты алғаш пайдаланар
алдында оның барлық алынбалы
бөлшектерін жылы сумен жуып жіберіңіз де,
кептіріп алыңыз.
• Іске қосу алдында, электр желі-
сіндегі кернеу, құрылғы корпусында
көрсетілген кернеуге сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
• Ыдысты (16) шешіп алыңыз, оған суық суды
МАХ белгісіне дейін құйыңыз да, орнына
орналастырыңыз.
• Сүтке арналған ыдысты (11) шешіп алып,
оған да суық суды МАХ белгісіне дейін
құйып, орнына орналастырыңыз..
• Кофеге арналған сүзгілердің біреуін (20
немесе 21) таңдаңыз да, оны сүзгідегі
дөңесті ұстағыштағы ойыққа (19) келтіріп
ұстағышқа (19) орнатып, сүзгіні сағат тілінің
бағытымен/тіліне қарсы бағытта бұраңыз
(1, 2-сур.).
• Сүзгі ұстағышын кофеқайнатқышқа
орнатыңыз. Тұтқаны құрылғыдағы ашық
құлып белгіге « » сәйкес келетіндей және
ойыққа кіргендей етіп орналастырыңыз (сур.
3), содан кейін сүзгі ұстағышын (17) тірегінен
оңға қарай жабық құлып таңбасымен сәйкес
келгенге дейін « » бұрыңыз (сур. 4, 5).
• Ыңғайлы тостағанды тиісті табандыққа (3
немесе 5) (сур. 10) қойыңыз және тұтқаның
(8) көмегімен түтік-капучинаторды (2)
тостағанға бағыттаңыз.
• Желілік баудың ашасын розеткаға салыңыз.
• Батырманы (14) басып, кофеқайнатқышты
қосыңыз, басқару панеліндегі
батырмалардың (23, 24 және 25) жарығы
жыпылықтай бастайды.
• Батырмалардың жарығы жыпылықтауды
тоқтатқан кезде, капучино әзірлеу
батырмасын « » (24) екі рет басыңыз.
• Судың 90 секунд бойы ағуына мүмкіндік
беріңіз.
• Басқару түймелерінің жарығы үнемі жанып
тұратын болады, бұл құрылғы пайдалануға
дайын екенін және бойлердің шайылғанын
білдіреді.
Назар аударыңыз!
• Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде сүзгі
ұстағышты (19) шешіп алуға тыйым
салынады.
• Сүзгі ұстағышты (19) кофе әзірленіп
болғаннан кейін бірден шешіп алмаңыз,
себебі сүзгінің ішінде шамадан тыс
су қысымы және бу болуы мүмкін,
кофебұқтырғыштың суығанын күтіңіз.
• Сүзгі ұстағышты (19) шешіп алу үшін
тұтқаны сол жаққа қарай бұрып,
ұстағышты шешіп алыңыз.
Добавить комментарий