
14
ҮТІК VT-8312
Үтік киімді, төсек жаймасын үтіктеуге және
маталарды тігінен булауға арналған. Үтіктің
осы моделі екі нұсқада қолданылуы мүмкін,
желі бауымен, сондай-ақ желі бауынсыз.
СИПАТТАМАСЫ
1. Су шашыратқыш шүмек
2. Құятын саңылау қақпағы
3. Үнемі бу жіберу реттегіші
4. Су шашыратқыш батырмасы
5. Қосымша бу беру пернесі
6. Қыздырғыш элементті қосу/сөндіру/
үтікті автоматты сөндіру индикаторы
7. Үтіктің алынбалы негізі
8. Алынбалы негіздің бекіткіші
9. Желі бауының қорғанысы
10. Суға арналған су қоймасы
11. Температура реттегіші
12. «Self Clean» өздігімен тазалану режимінің
батырмасы
13. Судың максималды деңгейін көрсетуші
«max»
14. Үтік табаны
15. Өлшейтін стақанша
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғаныс үшін қуаттандыру
тізбегіне қорғаныс ажыратылу құрылғысын
(ҚАҚ) 30 мА-ден аспайтын номиналды іске
қосылу тоғымен орнатқан дұрыс; орнатқан
кезде маманға жүгіну қажет.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электр аспапты пайдалану алдында осы
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз және оны анықтамалық материал
ретінде қолдану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта көрсетілгендей
оның тікелей тағайыны бойынша қолдану
керек. Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның
бұзылуына, тұтынушыға немесе оның мүлігіне
зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
•Қосу алдында электр желісінің кернеуі
үтіктің жұмыс кернеуіне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
•Желі бауы «еуроашамен» жабдықталған;
оны сенімді жерлендіру түйіспесі бар
розеткаға қосыңыз.
•Өрттің пайда болу қаупіне жол бермеу үшін
аспапты электр розеткасына қосқан кезде
ауыстырғыштарды пайдаланбаңыз.
•Электр желісінің асыра жүктелуіне жол
бермеу үшін тұтыну қуаттылығы үлкен
бірнеше құрылғыны бір уақытта қоспаңыз.
•Суға арналған су қоймаға хошиістендіргіш
сұйықтықтарын, сірке суын, крахмал
ерітіндісін, қақтарды кетіруге арналған
реагенттерді, химиялық заттарды және т. с.
с. құюға тыйым салынады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үтіктің беті жұмыс
кезінде қызады. Күйікке шалдығуды болдырмау
үшін терінің ашық жерлерінің үтіктің ыстық
беттерімен немесе шығып жатқан бумен
түйісуін болдырмаңыз.
•Желі бауының үтіктеу тақтасында жатпауын
және ыстық беттерге жанаспауын
қадағалаңыз.
•Құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз. Жұмыс
уақытындағы үзілістерде үтікті (тік күйінде)
негізіне орнатыңыз.
•Үтікті электр желісіне қосу/ажырату алдында
температура реттегішін минималды
күйіне белгілеңіз және тұрақты бу беруді
сөндіріңіз.
•Үтікті пайдаланбасаңыз, онда оны міндетті
түрде электр желісінен ажыратыңыз.
•Үтікті электр желісінен ажыратқанда
әрқашан желі ашасынан ұстаңыз, ешқашан
желі бауынан тартпаңыз.
•Электр тоғы соққысын болдырмау үшін
үтікті, желі бауын немесе желі бауының
ашасын суға немесе кез-келген басқа
сұйықтыққа батырмаңыз.
•Үтікті жинап қойғанға дейін оған толық
салқындауға уақыт беріңіз және судың
қалдығын төгіңіз.
•Құрылғыны мезгілімен тазалап отырыңыз.
•Құрылғы корпусын, желі бауын және желі
бауының ашасын су қолмен ұстамаңыз.
•Балаларға құрылғының корпусына және
желі бауына құрылғы жұмыс істеп тұрғанда
қол тигізуіне рұқсат етпеңіз.
•Құрылғыны ойыншық ретінде пайдалануға
жол бермеу үшін балаларды қадағалауды
жүзеге асырыңыз.
•Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мақсатында қаптама ретінде
IM VT-8312.indd 14 27.12.2018 10:58:31
Добавить комментарий