
12
Тиімді нәтижеге жету үшін төмендегі кестеде
келтірілген мәліметтерді пайдаланыңыз:
Өнім Максималды
массасы/
көлемі
Максималды
уақыт (сек)
Піскен
жұмыртқа 200 г 10
Сарымсақ 150 г Қысқа басып
қалу
Сан ет 200 г 15
Жаңғақтар 100 г 15
Пияз 200 г Қысқа басып
қалу
Ақ желкен 30 г 10
Бұрыш 0,2 л 30
Ет 150-200 г 15
Ескерту: кестедегі барлық мәліметтер
ұсыныстық сипатта келітірілген.
ТАЗАЛАУЫ МЕН КҮТІМІ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пышақтың (4) кесетін
қырларының жүздері өте өткір және қауіп төндіруі
мүмкін. Пышақты қолданғанда өте абай болыңыз!
Чоппердің алмалы детальдарын, тостағанды
қоспағанда (5) ыдыс жуатын машинада жууға
тыйым салынады.
•
Құрылғыны тазалар алдында оны электр
желісінен ажыратыңыз.
•
Мотор блогін (2) қақпақтан (3) шешіп алыңыз.
•
Тостағаннан (5) қақпақты (3) шешіп алыңыз.
•
Абайлық сақтап, пышақты (4) шығарыңыз.
•
Алмалы бөлшектерін жылы сабын суда
жуыңыз, содан кейін шайыңыз және жақсылап
құрғатыңыз.
•
Мотор блогін (2) жұмсақ, сәл дымқыл матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
•
Тұздалған және қышқыл өнімдерді өңдегеннен
кейін пышақты (4) дереу сумен шайып жіберіңіз.
•
Бояуы күшті өнімдерді өңдегенде (мысалы, сәбіз
немесе қызылша) пластик жерлері боялып қалуы
мүмкін, оны өсімдік майын сіңірген шүберекпен
сүртіңіз, содан кейін бейтарап жуу құралымен
жуып жіберіңіз және кептіріңіз.
МОТОР БЛОГІН (2) КЕЗ КЕЛГЕН СҰЙЫҚТЫҚҚА
БАТЫРУҒА НЕМЕСЕ СУ АҒЫСЫ АСТЫНДА ЖУУҒА
НЕМЕСЕ ЫДЫС ЖУАТЫН МАШИНАҒА САЛУҒА
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
САҚТАЛУЫ
•
Құрылғыны ұзақ уақытқа сақтауға қою алдында
құрылғыны тазалаңыз.
•
Құрылғыны құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИЫНТЫҒЫ
Мотор блогі – 1 дн.
Тостаған қақпағы – 1 дн.
Пышақ – дн.
Тостаған – 1 дн.
Нұсқаулық– 1 дн.
Кепілдік талоны – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Электрлік қуаттандыруы: 220-240 В ~ 50-60 Гц
Номиналдық тұтыну қуаттылығы: 200 Вт
Максималды қуаттылығы: 500 Вт
Тостағанның максималды жұмыс көлемі: 500 мл
ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың
және қуаттандыру элементтерінің (егер жинақтың
құрамына кірсе) қызмет ету мерзімі аяқталғаннан
кейін, оларды күнделікті тұрмыстық қалдықтармен
бірге тастауға болмайды, аспап пен қуаттандыру
элементтерін ары қарай кәдеге асыру үшін
мамандандырылған орындарға өткізу керек.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда болатын
қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша келесі қайта
өңделетін міндетті жинауға жатады.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша
ақпаратты алу үшін жергілікті муниципалитетке,
тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қызметіне
немесе берілген өнімді Сіз сатып алған дүкенге
хабарласыңыз.
Дайындаушы аспапты жақсарту мақсатында,
алдын-ала хабарламай, аспаптың дизайнын,
конструкциясы және оның жұмыс қағидатына
әсер етпейтін техникалық сипаттарын өзгерту
құқығын өзіне қалдырады, соған байланысты
нұсқаулық пен бұйымның арасында кейбір
айырмашылықтар болуы мүмкін. Егер пайдаланушы
осындай сәйкессіздіктерді анықтаса, нұсқаулықтың
жаңартылған нұсқасын алу үшін сәйкессіздік
туралы info@vitek.ru электрондық поштасына
хабарлауыңызды сұраймыз.
Құрылғының қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер
дилерден тек сатып алынған адамға ғана берiледi. Осы
гарантиялық мiндеттiлiгiндегi шағымдалған жағдайда
төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi қажет.
Добавить комментарий