
18
бауының ашасын суға немесе кезкелген
басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
•Блендер қондырамысының (1) жұмыс
бөлігін ғана жуыңыз, сыртқы бетін
дымыл матамен сүртіңіз. Блендер
қондырманы (1) толығымен суға немесе
кезкелген басқа сұйықтықтарға
батыруға тыйым салынады.
•Қондырмалар мен сыйымдықтарды
ыдыс жуатын машинаға салмаңыз.
ЖҰМЫС ҰЗАҚТЫҒЫ
Блендерлік жинақ тез және тиімді жұмыс
істеуге мүмкіндік береді, бірақ бұлғауыш-
қондырмамен (10) үздіксіз жұмыс істеу
ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс, блендер-
қондырмамен (1) – 35 секунд, ұсақтағыш-
қондырмамен жұмыс уақытының ұзақтығы
1,5 минуттан аспауы тиіс. 3 жұмыс
циклдары арасында 10 минуттан кем емес
үзіліс жасап отырыңыз.
БЛЕНДЕР-ҚОНДЫРМАНЫ
ҚОЛДАНУ (сур. 1)
Алынбалы блендер-қондырманы (1) жеміс
езбесін, балалар тамағын, тұздықтарды,
майонезді әзірлеу үшін, әртүрлі құрамдас
бөліктерді араластыру үшін, коктейльдерді
әзірлеу үшін, құрамында сұйықтықтың
жеткілікті көлемі бар жемістер мен
көкөкістерді өңдеу үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қондырманы (1) орнату
алдында қуаттандыру бауының ашасы
электр розеткасына салынбағанына көз
жеткзіңіз.
• Шешілмелі қондырма-блендерді (1)
орнату орнына (2) орнатыңыз, қон-
дырма-блендерді (1) сағат тілі бағы-
тымен тірелгенге дейін бұраңыз,
қондырманың (1) сенімді бекігендігіне
көз жеткізіңіз.
• Қуаттандыру бауының ашасын электр
розеткасына салыңыз.
• Блендер-қондырманы (1) ұсақтағыңыз/
араластырғыңыз келетін өнімдері бар
сыйымдылыққа салыңыз.
Ескерту: - Сіз өнімдерді стақанға (11)
сала аласыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Өнімдерді өңдегенде құрылғыны тік
күйінде ұстаңыз.
• Қондырманы сөндіру үшін батырманы
(5) «I» басыңыз және ұстап тұрыңыз.
• Максималды жылдамдықта жұмыс істеу
үшін «II» (4) батырманы басыңыз және
ұстап тұрыңыз.
Ескертпелер:
– өнімдер сыйымдылыққа құрылғы
қосылғанға дейін салынады. Өңделетін
өнімдердің көлемі өңдеу жүргізетін
сыйымдылық көлемінің 2/3 мөлшерінен
артық болмау керек.
– ұсақтау/араластыру процесін бастау
алдында, жемістердің қабығын
аршу, сүйектер сияқты желінбейтін
бөліктерді жою, жемістерді үлкендігі
2х2 см текшелере турау ұсынылады.
• Құрылғыны пайдалануды аяқтағаннан
кейін қуаттандыру бауының ашасын
электр розеткасынан суырыңыз және
шешілмелі қондырма-блендерді
(1) сағат тіліне қарсы бұрып, шешіп
алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
– Жұмыс істеп тұрған кезде блендер
қондырманы (1) шешуге тыйым
салынады.
– Жүзін зақымдамау үшін мүлдем
қатты өнімдерді, яғни жарма, күріш,
дәмдеуіштер, кофе, ірімшіктің қатты
сұрыптары, мұздатылған өнімдер
және басқаларды өңдемеңіз.
– Блендерқондырмамен (1) жұмыс істеу
барысында өнімдерді ұсақтауда қиын
дықтар туындаса, мүмкіндігінше, біраз
мөлшерде сұйықтық қосыңыз.
БЫЛҒАУЫШ-ҚОНДЫРМАНЫ
ПАЙДАЛАНУ (сур. 2, 3)
Бұлғауыш-қондырманы (10) тек крем,
жұмыртқа ақуызын шайқау үшін, бисквит
қамырын дайындау үшін немесе дайын
десерттерді араластыру үшін ғана
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Бұлғауыш (10) пен редукторды
(9) орнатар алдында қуаттандыру
бауының ашасы электр розеткасына
салынбағандығына көз жеткізіңіз.
• Бұлғауыш-қондырманы (10) бұлғауыш
редукторына (9) салыңыз.
• Бұлғауышы (10) орнатылған
редукторды (9) орнату орнына (2)
орнатыңыз, редукторды (9) сағат тілі
IM VT-3424.indd 18 3/12/20 4:16 PM
Добавить комментарий