
25
ҚОНДЫРМА-БЛЕНДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Алынбалы қондырма-блендерді (1) жеміс
езбесін, балалар тамағын, тұздықтарды, май-
онез әзірлеуге, әртүрлі ингредиенттерді
араластыруға, коктейльдерді әзірлеу үшін
(құрамында сұйықтықтың жеткілікті көлемі
бар жемістер мен көкөністерді өңдеу үшін)
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қондырманы (1) орнату алдында
желі бауының ашасы электр розеткасына
салынбағанына көз жеткзіңіз.
– Алынбалы қондырма-блендерді (1) моторлық
блокқа (3) салыңыз және оны сағат тіліне
қарсы тірелгенге дейін бұраңыз, қондырманың
сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
– Желілік баудың ашасын электр розеткаға
салыңыз.
– Қондырма-блендерді (1) ұсақтағыңыз/
араластырғыңыз келетін өнімдер салынған
ыдысқа салыңыз.
Ескертпе: Сіз өнімдерді өлшегіш стақанға (6)
сала аласыз.
Қондырмалардың айналу жылдамдығын таңдау:
– Қондырмалардың айналу жылдамдығын
өзгерту жылдамдықты қосу батырмалары (4
және 5) жүзеге асады.
– Максималды жылдамдық режимінде жұмыс
істеу үшін батырманы «II» (5) басыңыз және
басып ұстап тұрыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Өнімдерді өңдегенде құрылғыны тік күйінде
ұстаңыз.
– Құрылғыны қосу үшін батырманы (4 немесе 5)
басыңыз және басып ұстап тұрыңыз.
– Батырмаларға (4) басқанда және басып ұстап
тұрғанда, жылдамдық «I» қосылады. Бұл
жұмыс режимін сұйық өнімдерді араластыру
үшін пайдаланыңыз.
– Батырманы (5) «ІІ» басқанда және басфп
ұстап тұрғанда құрылғы максималды айна-
лыммен қосылады. Осы жұмыс режимін
сұйық және қатты өнімдерді бірге өңдеу үшін
пайдаланыңыз.
Ескертпелер:
– Құрылғы іске қосылғанға дейін өнімдер
сыйымды ыдысқа салынады. Өңделетін
өнімдердің көлемі өңдеу жүргізетін
сыйымдылық көлемінің 2/3 мөлшерінен
артық болмау керек.
– Ұсату/араластыру процесін бастау
алдында, жемістердің қабығын аршу,
сүйектер сияқты желінбейтін бөліктерді
жою, жемістерді үлкендігі 2х2 см текшелере
турау ұсынылады.
– Құрылғыны пайдалануды аяқтағаннан
кейін желілік бау ашасын электр розетка-
дан шығарыңыз және алынбалы қондырма-
блендерді (1) сағат тілі бағыты бойынша бұрап
шешіп алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
– Қондырмаблендерді (1) жұмыс істеп тұрған
кезде шешіп алуға тыйым салынады.
– Жүзін зақымдамау үшін мүлдем қатты
өнімдерді, яғни жарма, күріш, дәмдеуіштерді,
кофе, ірімшіктің қатты сұрыптары, мұз
сияқты өнімдерді және басқа тағамдарды
өңдемеңіз.
– Қондырмаблендермен (1) жұмыс кезінде
өнімдерді бөлшектеуде қиындықтар туын-
дайтын болса, біршама көлемде сұйықтық
қосыңыз.
БҰЛҒАУЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Қондырма-көпсіткішті (11) тек крем, жұмыртқа
ақуызын шайқау үшін, бисквит қамырын дайын-
дау үшін немесе дайын десерттерді араластыру
үшін ғана пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Бұлғауыш (11) пен редукторды (10)
орнатудың алдында желілік баудың ашасы
электрлік розеткаға қосулы тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
– Қондырма-бұлғауышты (11) бұлғауыш
редукторға (10) салыңыз.
– Бұлғауыш редукторын (10) мотролық блокқа
(3) салыңыз және оны сағат тіліне қарсы,
тірелгенге дейін бұраңыз, редуктор (10) мен
бұлғауыштың (11) сенімді бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
– Желілік баудың ашасын электрлік розеткаға
салыңыз.
– Қондырма-бұлғауышты (11) өнімдері бар
ыдысқа салыңыз.
Ескертпе: Сіз өнімдерді өлшегіш стақанға (6)
сала аласыз.
– Құрылғыны қосу үшін батырманы (4 немесе 5)
басыңыз.
– Батырмасын «ІІ» (5) басқанда және басып
ұстап тұрғанда құрылғы максималдық айна-
лыммен қосылады.
– Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
желілік баудың ашасын электр розеткасынан
суырыңыз, бұлғауыш редукторын (10) сағат
тілі бойынша бұрап моторлық блоктан (3)
шешіп алыңыз.
Добавить комментарий