
19
Кофені қайнату алдында кофеқайнатқыш
бойлерін жуыңыз.
• Сыйымдылықты (2) шешіп алыңыз, оған
суық суды «МАХ» белгісіне дейін құйыңыз
және орнына орнатыңыз.
• Кофеге арналған сүзгіні (9) ұстағышқа (10)
салыңыз, ұнтақталған кофені сүзгіге (9)
салмаңыз.
• Сүзгі ұстағышын (10) орнататын
орынға орнатыңыз. Сүзгі ұстағышы (10)
шығыңқылары бойлердің ойықтарына « »
сәйкес келуі керек, содан кейін сүзгі
ұстағышының (7) тұтқасын тірелгенге дейін
« » оңға қарай бұраңыз.
• Сәйкес келетін тостағанды табандық
торына (6) қойыңыз.
• Желі бауының ашасын розеткаға салыңыз.
• Батырманы (17) « » басып кофеқайнат-
қышты қосыңыз, бұл ретте дыбыстық белгі
естіледі және батырманың (17) жарығы
жанады, батырмалардың (15, 16) « »
жарығы жанады және жыпылықтайды.
Бойлердегі судың қызуын күтіңіз,
батырманың (15, 16) « ,» жарығы
тұрақты жанып тұрады.
• Батырманы (15) « » басыңыз, осы
кезде сорғы 3 секундқа іске қосылады,
үзілістен кейін сорғы іске қосылады және
су тұрақты беріле бастайды. Тостаған суға
толған кезде су беруді сөндіріңіз, ол үшін
батырманы (15) « » қайталап басыңыз,
суды тостағаннан төгіңіз.
• Тостағанның көлеміне байланысты бұл
шараны бірнеше рет қайталаңыз, содан
кейін бойлер жуылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
– Сүзгі ұстағышын (10) кофеқайнатқыш
жұмыс істеп тұрғанда шешуге тыйым
салынады.
– Сүзгі ұстағышын (10) шешу үшін,
ұстағыш тұтқасын сол жаққа тірелгенге
« » дейін бұраңыз және ұстағышты (10)
шешіп алыңыз.
Түтік-капучинаторды (4) және алынбалы
ұштықты (5) жуу
• Сыйымдылықта (2) судың жеткілікті екеніне
көз жеткізіңіз.
• Сәйкес келетін тостағанды ұштық (5)
астына қойыңыз.
• Батырманы « » (13) басып кофеқайнат-
қышты іске қосыңыз.
• Бу шығаруды қосу батырмасын (9) « »
басыңыз.
• Бу шығару реттегіші тұтқасын (3) « »
күйіне бұраңыз, бу ұштықтан (5), түтік-
капучинатордан (4) шыға бастайды,
шығатын бумен жұмыс істеу кезінде абай
болыңыз, 10-15 секундтан кейін реттегіш
тұтқасын (3) « » күйіне орнатыңыз.
• Батырмаға (13) « » басып, кофеқайна-
тқышты сөндіріңіз.
• Табандық торын (6) шешіңіз, табандықты
шығарыңыз, табандықтан суды төгіңіз және
оны орнына орнатыңыз, торды (6) орнына
орнатыңыз.
• Кофеқайнатқыш кофе қайнатуға дайын.
ЭСПРЕССО КОФЕСІН ӘЗІРЛЕУ
• Сыйымдылықты (2) шешіп алыңыз, оған
суық суды «МАХ» белгісіне дейін құйыңыз
және орнына орнатыңыз. Ыдыстағы (2)
судың деңгейі «MIN» белгісінен төмен
түспеуін қадағалаңыз, суды сыйымдылыққа
(2) мезгілімен толтырып тұрыңыз.
• Бір сүзгіге (9) ұнтақталған кофені себіңіз,
өлшегіш қасықты (13) пайдаланыңыз,
кофені өлшегіш қасықтың (13) артқы
жағымен сәл тығыздаңыз.
• Сүзгі ұстағышын (10) орнататын орынға
орнатыңыз. Сүзгі ұстағышының (10)
шығыңқылары бойлердің ойықтарына « »
сәйкес келуі керек, содан кейін сүзгі
ұстағышының (12) тұтқасын тірелгенге
дейін « » оңға қарай бұраңыз.
• Тостағанды табандық торына (6) қойыңыз.
• Желі бауының ашасын розеткаға салыңыз.
• Батырмасын (17) « » басып, кофеқайнат-
қышты қосыңыз, бұл ретте дыбыс белгісі
естіледі және батырманың (17) жарығы
жанады.
Ескертпелер:
– кофені қайнатар алдында бойлерді сумен
толтыру ұсынылады.
– сәйкес келетін тостағанды ұштық (5)
астына қойыңыз.
IM VT-1509.indd 19 6/17/20 4:39 PM
Добавить комментарий